5-6 сынып оқушыларына ” Алтын сақа” интеллектуалдық ойыны өткізілді

15.03.2023

Наурыз айының тууына орай оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ халқының барша салт- дәстүрін, танымын, өркениетін жаңғырту мақсатында 5-6 сынып оқушыларына ” Алтын сақа” интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сайысқа:
“Сырғалым ” мен “Мирас” командалары қатысты.
Сайыс 5 кезеңді қамтыды.Олар:
1 кезең: ” Ұлы мереке- Наурыз”
2 кезең: ” Қазағымның салт- дәстүрлері”
3 кезең: ” Пай, пай ұлттық киімдер”
4 кезең: ” Берекелі дастархан ұлттық тағамдар”
5 кезең: ” Ұлттық ойындар қоймасы”
Сайыстың соңында оқушылар көрмеге қойылған заттарға анықтама беріп, бүгінгі тандағы қолданысына тоқталды. Бар кезеңнен мүдірмей, топтан оза шауып “Сырғалым” тобы жеңімпаз атанды.
Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Армангүл Мүтанқызы өткізді.
#nauryzpvl_2023

“Наурыз- Ұлыстың ұлы күні”

15.03.2023

Наурыз мейрамы аясында сыныптарда “Наурыз- Ұлыстың ұлы күні” тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

“Таза табиғат” мектепішілік акциясы

15.03.2023

“Таза табиғат” мектепішілік акциясында оқушылар белсенділік танытты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

10.03.2023

 

” Бөлшектер”тақырыбында математика пәнінен сабақ өтті.Сабақ барысында оқушылар өзіндік, жұптық, топтық жұмыстар жасалып, өткен тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. Оқушылар “Домино” әдісі арқылы бөлшектердің түрлерін айқындауға арналған тапсырманы ерекше ынтамен орындады. Балалар сабақ барысында белсенділік танытып, өз білім деңгейлерін көрсете білді.
“Планшет” әдісі арқылы есептер құрастырып, топ ішінде шешімін бірге тапты. Сабақ соңында оқушылар “БББ” кестесін толтырып, сол арқылы рефлексия жасалды. Сабақты физика-математика пәні мұғалімі Турсынбаева Галина Карибжановна өткізді.

“Ана-өмір шуағы” атты ертеңгілік өткізілді

07.03.2023

7 наурыз шағын орталық “Еркетай” және “Балапан” тобының тәрбиеленушілерінің “Ана-өмір шуағы” атты ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілікте тәрбиеленушілер Аналарына арнап әсем әндерін шырқап,көңілді билерін билеп,дайындаған сыйлықтарын тарту етті. Ата-аналар шағын орталықтың арулар қауымын құттықтап, алғыстарын білдірді.

«Әжелер – көңілдің ажары, Немере – өмірдің базары» атты сайысы өткізілді.

06.03.2023

МАД,1-4 сынып оқушылары және әжелері арасында «Әжелер – көңілдің ажары, Немере – өмірдің базары» атты сайысы өткізілді.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды және кезеңге келесідей критерийлер қойылды!!
1. «Таныстыру».-бұл кезеңде қатысушылар -сахна мәдениеті және киім үлгісімен ерекшеленді.
2. «Шебердің қолы алтын»-бұл кезеңде әжесі ою-өрнекті ойып,немересі салған оюды ұқыпты қыйды.
3. «Өнер ағып жатқан бұлақ»-бұл кезеңде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
4. «Ас-адамның арқауы» -бұл кезеңде қатысушылар үйден дайындап,әкелген ұлттық тағамдарын таныстырды.
5. «Жақсы сөз,жарым ырыс» бұл кезеңде әжелеріміз немерелеріне бата берді!
Сайыс барысында немере мен әже арасында тығыз байланыс, әженің немересіне үлгі,өнеге екені анық байқалды.
Қатысушылар сайыс нәтижелері бойынша келесідей номинацияларға ие болды:
1. 1 сынып оқушысы Мухтариман Нұрали және әжесі “Шебер әже” номинациясына ие болды.
2. 2 сынып оқушысы Қаирболат Айсана және әжесі “Ұлағатты әже” номинациясына ие болды.
3. 3 сынып оқушысы Әділетқызы Ажар және әжесі “Сымбатты әже” номинациясына ие болды.
4. 4 сынып оқушысы Руслан Земфира және әжесі “Асы дәмді әже” номинациясына ие болды.
5. Барлық критерийлерге сәйкес сайыста жан-жағынан өздерін көрсете білген, немересіне өсиет айтып, тәрбие беріп отырған әжесі және мектепалды даярлық сынып оқушысы Ермуханбет Асылым “Асыл әже” номинациясына ие болды.Сайыс соңында қатысушылар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

“Арулар-асыл жандар” сынып сағаты өткізілді

06.03.2023

7-сыныпта “Арулар-асыл жандар” тақырыбында сынып сағаты өтті.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

03.03.2023

” Қоршаған ортаны қорғаймыз. Етістік.” тақырыбында 4-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен сабақ өткізілді. Сабақ барысында түрлі белсенді әдіс- тәсілдер қолданылды.Атап айтсақ, психологиялық ахуал барысында оқушылар “Жіңішке сұрақтарға” жауап арқылы, қоршаған ортаға қалай қамқорлық жасайтындарын дәделдеп көрсетті. Үй жұмысын “Асықты қоржынға толтыр” бағытталған сұрақтардың жауабын қоржынға салып отырды. Жаңа сабаққа “Фонарик әдісі” суреттердің іс- әрекетін атау арқылы күннің тақырыбына шықты. Тыңдалым мәтінімен жұмыс жүргізіліп, топтық жұмыс, жеке- дара жұмыспен сабақ өрбіді. Жаңа тақырыптың ережесін өздері құрастырып, “Ережелер тартысы” бойынша әр топ мүшелері араларынан ақындарын сайлап, домбырамен тартыс болды. Оқушылардың қызығушылығын тудырған бұл кезеңде олар бар білімін ортаға салды. Сабақтың бар кезеңдерінде тілдік дағдылардың барлығы қамтылды.Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Армангүл Мүтанқызы өткізді.

«Бұрымды қыз» байқауы

03.03.2023

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында мектебімізде «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-9 сыныптар арасынан топ жарып 5 ару сыңға түсті. Байқау 6 кезеңнен тұрды:
1. Сәлемдесу
2. Шаш өру үлгісі
3. Зерделінің ойы озық
4. Қыз еркем – өнерімен көркем
5. Өз өнері
6. Сән үлгісі
Байқаудың барлық қатысушы қыздары сайыстың әр кезеңінде креатив көрсете білді. Әділқазы алқалары қыздардың дайындығын жоғары деңгейде бағалап, әділ бағаларын берді. Аруларымызды төмендегідей номинациялармен марапаттады:
1. Шаш өрудің шебері 7- сынып оқушысы Құмархан Жаннұра – «Шебер ару» номинациясымен марапатталды;
2. Зерделі ойымен озық болған 9- сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр – «Білімді қыз» номинациясымен марапатталды;
3. Сәндік үлгісімен ерекшеленген 6-сынып оқушысы Нұрмағанбет Нұрайым – «Сымбатты ару» номинациясымен марапатталды;
4. Тіл көркемдігімен ерекшеленген 5-сынып оқушысы Еркен Сымбат – «Инабатты ару» номинациясымен марапатталды;
5.Өзіндік өнерімен тәнту еткен 8-сынып оқушысы Бекберова Гүлім – «Өнерлі ару» номинациясымен марапатталды.
Байқаудың соңында барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

“БАТЫРЛАР СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС”

15.02.2023

“БАТЫРЛАР СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС”

тақырыбында мектебіміздің оқушыларымен ауылымыздың мәдениет үйінде Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгер Жанаков Елтай Нұртайұлымен кездесу кеші өтті.

Кездесудің мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагермен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу,өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылды.