Category Archives: Басты

Нашақорлыққа қарсымыз

14.07.2018

«Балдаурен» лагерінде «Зиянды әдеттерден сақтанайық» тақырыбында іс- шара өткізілді. «Алкогольдің, шылым шегудің, нашақорлықтың зияны» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Балалар топқа бөлініп зиянды әдеттерді сипаттап берді. Балалар іс-шараға өте белсенді қатысты.

Көңілді мәре

12.07.2018

«Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: балаларға салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру, спорт туралы білімдерін кеңейтіп, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Оқушылар «Барыс», «Бүркіт» атты екі командаға бөлініп, Эстафеталық жарыс (доппен кедергілер арасынан жүріп өту), Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген есепті шығару), Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі), Секіртпемен жүгіру (Секіртпемен кедергілер арасымен секіру) Допты шығыршықтан өткізу атты бес бөлімнен тұратын жарысқа жауаптылықпен белсене қатысты. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.

Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерь демалушыларының ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» саяхаты

07.07.2018

«Көңілді – жаз», Май ауданы, Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері мектепшілік жазғы демалыс лагерінен бастау алады.
Біздің лагерьде балалардың жалығуы немесе зерігуі мүмкін емес. Өйткені таң атқаннан кеш батқанша алуан түрлі сауықтыру ойындары, спорттық ойындар, зерттеу және іздестіру жұмыстары өтеді.   Демалушылардың жайдары жүздерін көріп біз де риза боламыз.

Лагерь 7 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Жоспарға сәйке «Жазғы туризм және өлкетану» бағытын насихаттау мақсатында, балдырғандарымызды ерекше қуантып, таңқалдырған күн Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа»  саяхат күні. Балдырғандар «Түрлі-түсті, әуенді субұрқақ» аясында ерекше көңіл күймен демалып, Курчатов қаласына  үлкен саяхат жасап қайтты.

Әр ауысымның басталуын ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» барумен ашу дәстүрге айналды.

Балдырғандар демалыс сәттерін сапалы, мәнді өткізуде. Бұл – ауданымыздың бір ғана «Балдәурен» лагерінің тынысы. Балдырғандардың өзге  де лагерьлерде жазғы демалысты дәл осылай қызықты өткізіп жатқанына еш күмән қалмады. Жазғы демалыс –бала жанын жадырататын шақ қой, шіркін!

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінің тәрбиешісі

Меруерт Толеубековна Макажанова

Президенттік тест сынағы

17.09.2016

Президенттік тест сынағы денені шыңдайды
17-қыркүйек күні мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері президенттік тест сынағын тапсырды. Сынақ денешынықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулар бойынша өткізілді.Әрине, мектеп ұжымы бұл шараға бір кісідей қатысып, жоғары көңіл-күймен, көрсетілген нормативтерді орындауға бар күш-жігерлерін салды. Сөйтіп, Президенттік тест сынағы адамның негізгі қабілеттерін (күштілік, төзімділік, жылдамдық және ептілік) танытатын спорттық сынақтардың үш түрі ішінен – әртүрлі қашықтыққа жүгіру, орнында тұрып ұзындыққа секіру бойынша нормативтер қабылданды. Өткізілген шараның қорытындысы бойынша барша мектеп ұжымы президенттік тестің деңгейінің нормативтерін орындады.
«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
img_9617  img_9574

1 сынып ата – аналарына арналған “Өз балаңа үлгі бол” тақырыбы аясында өткізілген республикалық конференция

14.09.2016

Өз балаңа үлгі бол

         Қазақстанның отбасы күні қарсаңында мектебімізде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбы аясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» ретінде,  Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Аталмыш конференцияның шымылдығын мектеп директоры О.Д.Аубакирова ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының  құттықтау сөзімен ашты.

Ата-аналарға психологиялық көмек ретінде әр тақырып шеңберінде видеоролик пен слайдтардан кеңінен материалдар көрсетілді.Әр бейне баяннан кейін ата-аналарымыз өз пікірлерін ортаға салып, талқылады. Конференция соңына қарай Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Иниституның Бас директоры София Львова Евдокимованың тілек сөзі тыңдалды.

Қорытынды бойынша әр ата-ана пікір жазып, алдағы уақытта осындай алғы шаралар өткізіліп тұруын ұсынды.

 

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп психологі   Ж.К.Алибекова

20160910_102536 20160910_10254420160910_113919 20160910_115448

Білім күні

01.09.2016

1-қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя – мектебім» атты

салтанатты жиынның бағдарламасы

Жүргізуші:         Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар! Ардақты ата-аналар және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Жүргізуші:   Аралап көрікті жерлерді,

Жаз бойы тынығып демалдық.

Білімге шақырып келді күз,

Мектепке көңілді оралдық.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2016-2017 жаңа оқу жылының                             салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.

 

Жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді және сынып жетекшісі Алибекова Жанна Кабдыкаримовнаны  ортаға шақырамыз.

1) Мұсайлла Ақбота

2) Советов Ермурат

3)Сейілғазы Айттмұрат

4) Жолдасбекова Аймара

5)Жоламан Ернұр

6) Құмархан Жаннұра

7) Жайлауханқызы Айгерім

8) Тұрсын Мақпал

9) Еркен Аружан

10) Хойтан Ислам

11) Амангелдіқызы Іңкәр

12) Сынып жетекшілері Жанна Кабдыкаримовна Алибекова

Жүргізуші :          Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

 

Жүргізуші:                  Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(әнұран орындалады.)

 

 

 

Жүргізуші:                   Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы

Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтармен таныстырып өтейік.

1.Ауыл әкімі Серік Мұсайллаұлы Құсайынов

2.Аудандық білім бөлімінен келген өкіл Медеу Мағауұлы Маженов

3.Аудандық мал дәрігерінің басшысы

 

Жүргізуші:      Мектеп деген білім кені, жыр кені.
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені -сөз кезегі мектеп

директоры Аубакирова Олимпиада Досымжановнаға беріледі.

 

Жүргізуші:   Келесі құттықтау сөз ауылымыздың әкімі Серік Мұсайллаұлы  Құсайыновқа беріледі.

 

Жүргізуші:

Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық білім

бөлімінен келген өкіл Медеу Мағауұлы Маженовқа беріледі.

 

Келесі сөз кезегі аудандық мал дәрігерінің басшысы Ерғанат Әлмырзаұлы Ахметовқа беріледі.

 

 

Жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының бұйрығымен таныстыруға оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Төлеубековна  Макажанова шақырылады.

 

Жүргізуші:            Шыңдардан аса берсін түлектері

Әрқашан орындалсын тілектерің

Махаббатқа бөленген ақ ниетті

“Шәкірт” деп лүпілдесін жүректерің.

 

Талай ақын-жырау, ғалымдарды дүниеге әкелген қасиетті мекен – ауылдың білім саласына үлесімді қосам деген жігерлі  ұстаздарымыз ауылымызға келіп отыр. Ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде  ұлан-ғайыр жетістіктерге жете отыра, білім белестерін бағындырыңыздар дегіміз келеді.

 

1.Кадырханова Данара Ерланқызы   Бастауыш сынып мұғалімі

  1. Қуаныш Айгүл Бастауыш сынып мұғалімі

3.Каптаева Ажар Муратовна              Шағын орталық тәрбиешісі

4.Мусабаев Даурен Ерсынович Информатика пәні мұғалімі

 

Ұстаздар атынан  құттықтау сөзді   Асия Мухамедкалиева Мусинаға береміз.

 

Жүргізуші:        Мектеп ана күліп тұр тағы,

Шақырады қыркүйектің нұр таңы.

Асығуда әліппені алуға,

Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.

Көп жылын осында өткізген.
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріпті үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар

Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстазымен ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші:       Оқитын әрі жазатын.

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым

Білімнің кілтін ашатын,- деп сөз кезегін балапандарын

ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1-сынып

ата-аналарының атынан  Рашила апамызға               сөз беріледі.

 

Жүргізуші:         Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі

1-сынып атынан  Мұсайлла Ақбота
11-сынып атынан   Алибеков Қуаныш пен Рахым Сериктайға                                                              беріледі.

 

Жүргізуші:       Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып-тасайық

Тілеуін берсін көк тудың

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің – деп балғын балалық шақпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен ұстаздарына қошеметпен қол соғып, мектепке алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

 

Жүргізуші:          Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге. –деп 1-қыркүйек Білім күніне

арналған «    Мен Қазақстанның патриотымын   » атты салтанатты жиын өз

мәресіне жетті. Білім күні құтты болсын. Жаңа оқу жылында барша ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен бақыт тілейміз. Білім мен шарапат сепкен еңбектеріңіз жемісті болсын! Біз сіздердің еңбектеріңізге толағай табыс пен жеңіс тілейміз.

 

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, салтанатты жиынымыз 2016-2017 оқу

жылының алғашқы сабағымен жалғасын табады.Әр сынып жетекшілері мен

оқушылары өз сыныптарына реті бойынша жіберілсін.

 

Жүргізуші: Білім күніне арналған салтанатты жиынды  жабық деп

жариялаймыз!

 

                                                                                                 Бекітілді

                                                                                                     Мектеп директоры

                                                                                                     _______________

                                                                                                     О.Д.Аубакирова

 

1-қыркүйек Білім күніне орай 1-11-сыныптар арасында өткізілетін тақырыптық тәрбие ашық сабағына қатысқан мұғалімдер тізімі

 

Сынып Сынып жетекшісі Тәрбие сағатының тақырыбы Қатысатын мұғалім
1 1 Алибекова Ж.К «Менің Отаным – Қазақстан» Турсынбаева Г.К
2 2  Сейлханова С.К «Менің Отаным – Қазақстан» Каиыржанова М.М.
3 3 Кадырханова Д.Е. «Менің Отаным – Қазақстан» Макажанова М.Т.
4 4 Қуаныш Айгүл «Мен Қазақстанның патриотымын» Серикбаев А.Т.
5 5 Сабитова М.М. «Мен елімді сүйемін» Мусабаев Д.Е.
6 6 Мынжасарова А.С. «Тәуелсіздік ұланымын» Жанакова Т.Б.
7 7 Болатхан С. «Мен елімнің патриотымын» Серикбаева Б.М.
8 8 Агван Д. «Мен Қазақстанның патриотымын» Жайлаубаева Г.Р.
9 9 Каиырбаева Г.Б «Мен Қазақстанның патриотымын» Досжанов Е.Р.
10 10 Найма Д.А. «Туған елім-Қазақстан» Мутанқызы А.
11 11 Бексеитова Г.К. «Мен Қазақстанның патриотымын» Мусабаев Е.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

Толағай отбасы

14.05.2016

img_0193 img_0218

Алтын күз1

IMG 4077
03.11.2015

Алтын күз

         Күздің басты мерекелерінің бірі ол алтын күз мерекесі . Қазан айының 9 да мектебімізде ” алтын күзге ” орай мерекелік іс – шара өткізілді.Іс – шара оқушылардың жасерекшеліктері байланысты 3 кекзеңнен тұрды. Олар :

Бастауыш буында «Сыбдыры сұлу алтын күз» атты тақырыпта байқау түрінде өткізілді.Байқауға әр сынып өзін-өзі таныстыру,ханзадаларымен ханшайымдарын шығару,.Соңында жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

(толығырақ…)

Қазақтың бас ақыны-Абай.

03.11.2015

Қазақтың бас ақыны-Абай.

Алдымыздағы айдың 28-жұлдызында  Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбай ұлының туылғанына 170 жыл толуына орай Курчатов қаласындағы  «Достық үйінде» Абай оқулары өткізілді. «Абай оқулары»  байқауына мектебіміздің 9-сынып оқушысы Кабытаева Кербез өз бағын сынады.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

1-кезең: Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу;

2-кезең:Абайға арнау;

3-кезең:Проза оқу;

4-кезең: Абай әндерін орындау;

Сайыс қорытындысы бойынша   жүлделі орынды еншілеп, арнайы сыйлық пен «Достық үйінің» директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Ақжар мектебінің 25 ерекше ұстазы» акциясы

03.11.2015

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9