Category Archives: Жаңалықтар

террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша тәрбие сағаттары өткізілді.

17.05.2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 науырыздағы №117 бұйрығына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша 2023 жылдың 17 мамыр күні мектебімізде алгоритм бойынша тәрбие сағаттары өткізілді. Шара барысында Терроризм актісінің қауіпті туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайлардағы әрекеттер туралы ақпараттар берілді.

“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбында 2 аймақтық ғылыми- практикалық конференция өтті.

16.05.2023

Lesson study мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылатын жапондық тәсіл. Бұл тәсіл Май ауданында 2018 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта аудандағы барлық мектеп сабақты зерттеумен айналысуда. Осы жумыстың нәтижесін шығарып, мәселелерді ортаға салу, мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен “Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбында 2 аймақтық ғылыми- практикалық конференция өтті. Бұл конференцияда мектебіміздің ұстаздары Б.М.Серикбаева мен А.А.Тюлекбаева секция жұмысына қатысып, баяндамаларын қорғап, мектеп тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Угубаева постер сессияға қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

«Балапан» тобында «Коммуникативтік әрекет» сөйлеуді дамыту пәні бойынша «Менің отбасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

12.05.2023

Шағын орталықтың “Ерте жас тобы”, “Кіші топ” пен “Орта жас тобы”, “Ересек жас тобы” арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру аясында «Балапан» тобында «Коммуникативтік әрекет» сөйлеуді дамыту пәні бойынша «Менің отбасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ұйымдастырылған іс- әрекет шаттық шеңберінен басталып, сабақ үстіндегі тапсырмалар, сергіту сәттері тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылды. Тәрбиеленушілер отбасы мүшелерін атап, сипаттап берді . Тәрбиеленушілер берілген тапсырмаларды орындап, сабақ өте қызықты өтті. Өткізген: С.Х.Бисмильдина

«Еркетай» тобында «Танымдық әрекет» қоршаған ортамен таныстыру пәні бойынша «Құстар біздің досымыз» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.

12.05.2023

Шағын орталық және мектепалды даярлық сынып арасындағы сабақтастық аясында «Еркетай» тобында «Танымдық әрекет» қоршаған ортамен таныстыру пәні бойынша «Құстар біздің досымыз» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақ барысында тақырыпқа сай, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес қызықты тапсырмалар беріліп ,АКТ қосымша мүмкіндіктері қолданылды.Тәрбиеленушілер таптсырмаларды қызығушылықпен орындап,ұйымдастырылған іс-әрекет барысында белсенділік танытты.
Өткізген:К.К.Тараханова

“ҰЛЫ ЖЕҢІС” ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫ

12.05.2023

Жеңіс күні қарсаңында Облыстық М.М Катаев атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен ” Ұлы Отан соғысына қатысушының өмір жолы” номинациясы бойынша бейнеролик байқауы өткізілді.Бұл байқауға мектебіміздің 6- сынып оқушысы Амангелді Жангелді қатысып, жұмысы үздік танылып жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз 💐
Жетекші: Армангуль Мутанқызы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛЫП ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

09.05.2023

9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің

рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Отан үшін от кешкен батыр бабалардың ескерткішіне құрмет көрсетілді.

“Педагогикалық шеберлік – 2023”

05.05.2023

Мектеп директоры Аубакирова Олимпиада Досымжановна, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Серикбаева Балжан Муратовна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Угубаева Айгерым Амангельдиновна облыстық “Педагогикалық шеберлік” конкурсына “Білім берудегі менеджмент ” бағыты бойынша қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.

“Педагогикалық шеберлік – 2023”

05.05.2023

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Балжан Муратовна Серикбаева “Орта білім беру: Тарих” бағыты бойынша облыстық “Педагогикалық шеберлік” конкурсына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз💐💐💐

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай сынып сағаттар өткізілді

05.05.2023

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай “Еркін елдің ұланымын!” атты сынып сағаттары өткізілді.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ

04.05.2023

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған ” Еркін елдің ұрпағы” тақырыбы бойынша диктант алынды. Іс-шараға мектебіміздің ұстаздары да белсенді қатысты.