Қазақтың бас ақыны-Абай.
Алдымыздағы айдың 28-жұлдызында Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбай ұлының туылғанына 170 жыл толуына орай Курчатов қаласындағы «Достық үйінде» Абай оқулары өткізілді. «Абай оқулары» байқауына мектебіміздің 9-сынып оқушысы Кабытаева Кербез өз бағын сынады.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1-кезең: Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу;
2-кезең:Абайға арнау;
3-кезең:Проза оқу;
4-кезең: Абай әндерін орындау;
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды еншілеп, арнайы сыйлық пен «Достық үйінің» директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.