Ата-аналарға ақпарат

Ата-аналарға ақпарат

Қысқы кезеңде Павлодар облысының білім беру мекемелеріндегі

Сабақтың ұсынылған температуралық параметрлері

А) Ауа райы желсіз немесе орташа желдің жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда

Сабақ тоқтатылады Қалалық жерлерде Ауылдық жерлерде
1-4 сыныптарда      t-30oC және төмен болғанда       t-29oCжәне төмен болғанда
1-9  сыныптарда t-33oC және төмен болғанда t-32oC және төмен болғанда
1-11 сыныптарда, колледждердің 1-курстарында t-38oC және төмен болғанда t-37oC және төмен болғанда

 

Б) Желдің күшеюі секундына 5 метр немесе одан да көп болғанда

Сабақ тоқтатылады Қалалық жерлерде Ауылдық жерлерде
1-4 сыныптарда      t-28oC және төмен болғанда       t-27oC және төмен болғанда
1-9  сыныптарда t-30oC және төмен болғанда t-29oC және төмен болғанда
1-11 сыныптарда, колледждердің 1-курстарында t-35oC және төмен болғанда t-34oC және төмен болғанда

 

Желдің жылдамдығы секундына 20 метр болғанда 1-4 сыныптарда; желдің жылдамдығы секундына 25 метр болғанда 1-11 сыныптардарда сабақтар тоқтатылады.

Сабақ кестесі

 

Кеңес беру жұмысы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН  КЕҢЕСТЕР

Жасөспірімдік  жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды.Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін   талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі  ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін.

1 кеңес

•Егер ұятқа  қалғыңыз келмесе осы бағалауға  ертерек дайындалыңыз.  Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы – өзара түсінушілік.  Оны орнату үшін  сіздер  ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз.

2 кеңес

• Балада  өзіне, өз күшіне  сенушілікті қолдаңыз, белгілі  кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз.

3 кеңес

•Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі,  олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру  әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді.

4 кеңес

• Сіздің балаңыз мықты және  дені сау болғанын қалайсыз ба?

• Онда өзіңіз біліп, баланы  өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы  білім негіздеріне  үйретіңіз.

5 кеңес

• Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды  сақтаңдар, онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға үйреніңіз.

6 кеңес

• Аптасына  қанша уақыт сіздер  өз балаларыңызбен өткізесіз? – Аптасына 1,5  сағат?!Оқудан және  сабаққа дайындалудан бос уақытта  сіздің балаңыз немен  айналысатынын  міндетті түрде ойлаңыз.

7 кеңес

• Үлкендердің балалармен  кейбір тақырыптарға  әңгімелегісі келмейтіні баланы осы тақырыптар тыйым салынған деген ойға келдіреді. Жалтармалы немесе бұрмалаған ақпарат балаларда  негізсіз  алаңдауды  туғыздырады.

8 кеңес

• Жасөспірімдерді отбасыдағы  психологиялық та (қайғылы оқиға болса да,  біреудің ауырғаны немесе  өмірден кетуі – бұл адамды  шынықтырады және оны сезгіш қылады), материалдық та (жағдайдан шығу амалын табуға үйретеді) проблемалардан артығынан  қоршамаңдар.

9 кеңес

•Егер сіздер тәрбиелуде қателер жасауды үлгірсеңіз, сіздерге  жолдың басына қарағанда қиынырақ болады. Бірақ егер сіз өз тәрбиеленушіңізде   тек бір тамшы жақсыны көрсеңіз  және келесіде тәрбиелеу үрдісінде  осыған сүйінсеңіз, онда  балаңызбен  тіл табысып,  жақсы нәтижелерге жетесіз.

10 кеңес

• Егер сіздікі дұрыс емес болғанын, бір  маңызды мәселелерде  ұлыңыздың немесе қызыңыздың  пікірін  таңдамағыныңызды түсінсеңіз, алдымен өз алдыңызда, ал сосын баланың алдында оны мойындауға қорықпаңыз.

11 кеңес

Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың керемет» деген сияқты қолдануға болады.

12 кеңес

2. Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.

13 кеңес

Ерлі-зайыпты адамдар баланың көзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. Әсіресе, бала бар жерде «Басымды қатырмашы», «Өзің бәле болдың ғой», «Осыны саған күніне мың рет қайталаймын» деген сияқты дөрекі сөзден ата-ана өздерін мейлінше тыйып ұстаған абзал.

14 кеңес

Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істетуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз.

15 кеңес

Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау- бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.

16 кеңес

Балаңыздың ішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оның болашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.

 

Ауа райы желсіз немесе секундына  5 метр орташа жылдамдықпен соққан кезде

Сабақ тоқтатылады

Ауылдық жерлерде

1-4 сыныптарда

t=29 C0 және төмен юолғанда

1-9 сыныптарда

t=32 C0 және төмен юолғанда

1-11 сыныпт

t=37 C0 және төмен юолғанда

   

Желдің күшеюі секундына5 метр жылдамдықта және одан жоғары соққан кезде

Сабақ тоқтатылады

Ауылдық жерлерде

1-4 сыныптарда

t=27 C0 және төмен юолғанда

1-9 сыныптарда

t=29 C0 және төмен юолғанда

1-11 сыныпт

t=34 C0 және төмен юолғанда

   

Жел секундына 20 метр жылдамдықта соққан кезде 1-4 сыныптарында;

жылдамдықта соққан  кезде 1-11 сыныптарында сабақ тоқталады

 

This entry was posted in Ата-аналарға ақпарат. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған