Monthly Archives: Ақпан 2020

«Келешек» өзін- өзі басқару ұйымы «Абай әлемі» атты сұрақ-жауап байқауын ұйымдастырды.

21.02.2020

Мектебімізде аталып өтіліп жатқан айтулы мерекелердің бірі- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Келешек» өзін- өзі басқару ұйымы «Абай әлемі» атты сұрақ-жауап байқауын ұйымдастырды. Бұл байқауға мектеп ұжымы, оқушылары белсенді қатысты. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, қара сөздерінен үзінді, өлең жолдарын жалғастыру сынды тапсырмалар берілді. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы жасалынған 2020 күнтізбесі сыйға берілді.

Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгер Жанаков Елтай Нұртайұлымен кездесу кеші өтті.

21.02.2020

Ауылымыздың мәдениет үйінде Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгер Жанаков Елтай Нұртайұлымен кездесу кеші өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагермен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу,өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылды.

“Менің анам суретші” атты шағын орталық ата-аналар арасында сайыс өткізілді.

19.02.2020

Апталық барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс “Менің анам суретші” атты шағын орталық ата-аналар арасында сайыс өткізілді. Сайыста ата-аналар топқа бөлініп, дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолданып,қиялдарына қарай сурет салды. Салған суреттерін қорғап,дипломдармен марапатталды.Соңында ата-аналарға арнап тәрбиешілер тосын сый ретінде фуршет жасады.Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп,тәрбиешілерге жұмыстарында толағай табыстар тіледі.

Шағын орталық тәрбиеленушілері “Шалқан”ертегісін, мектепалды даярлық сынып оқушылары “Бауырсақ” ертегісін сахналады.

18.02.2020

18-ақпан күні шағын орталық тәрбиеленушілері “Шалқан”ертегісін, мектепалды даярлық сынып оқушылары “Бауырсақ” ертегісін сахналады. Тәрбиеленушілер мен мектепалды даярлық сынып оқушылары ертегіге қызығушылық танытып қатысып,көрген ертегілерін мазмұндап берді. Соңында көңілді бимен аяқтады.

“Мәңгі өшпес тұлға-Абай Құнанбаевқа 175 жыл”атты тәрбие сағаты өтті.

18.02.2020

18 ақпан күні Шағын орталық тәрбиеленушілерімен “Мәңгі өшпес тұлға-Абай Құнанбаевқа 175 жыл”атты тәрбие сағаты өтті.

17-22 ақпан аралығында “Балауса балғын шағым атты”шағын орталық апталығы өтеді.

17.02.2020

17-22 ақпан аралығында “Балауса балғын шағым атты”шағын орталық апталығы өтеді. 17 ақпан “Мәңгілік ел”ұлттық идеясын іске асыруда балалардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру барысында,апталықтың ашылу салтанаты өтті.

“Коронавирустық инфекция” туралы мектеп ұжымына дәріс өткізілді.

15.02.2020

Ауыл медбибісі Анар Алибекова “Коронавирустық инфекция” туралы мектеп ұжымына дәріс өткізді. Әлемді дүрліктірген бұл вирустан қорғану жолдарын толық түсіндіріп өтті.

мектепалды даярлық сынып оқушыларына және шағын орталық тәрбиеленушілеріне “Коронавирус” жайлы ақпарат айтылды .

14.02.2020

Ауылымыздың медбибісі А. Алибекова мектепалды даярлық сынып оқушыларына және шағын орталық тәрбиеленушілеріне “Короновирус”жайлы ақпарат берді. Балаларға салауатты өмір салтын ұстануды айтып кетті.Тәрбиеленушілер қызығушылық танытып тыңдап,ризашылықтарын білдірді.Соңында тәрбиеленушілер “Мен дәрігер боламын “ойынын ойнап,болашақта дәрігер болғылары келетінін айтты.Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Коронавирус жайлы бірнеше фактіні ұсынамыз.

13.02.2020

Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет тіркелген коронавирус жүздеген адамның өмірін қиды, мыңдаған адам ауруханаға түсті және вирус басқа елдерге де тарап жатыр.

Коронавирустық инфекцияны алдын алу туралы түсіндірме жұмыс жүргізілді.

13.02.2020

Бүгін медбибі А. С. Алибекова оқушыларға коронавирустық инфекцияны алдын алу туралы түсіндірме жұмыс жүргізді.