Monthly Archives: Желтоқсан 2019

“Жас дарын-2019”

27.12.2019

“Жас дарын-2019” атты Республикалық салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Талантты, дарынды жастармен бірге олардың ата-аналары, жетекшілері және мекеме басшылары да “Алғыс хатпен” марапатталды. Шын жүректен құттықтай отыра, сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

“Жас дарын-2019” атты Республикалық салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

27.12.2019

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында “Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау” Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Жастар жылына” арналған “Жас дарын-2019” атты Республикалық салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау рәсіміне 200-ге жуық ОҚО, Павлодар, Ақтау, Орал, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен аудандарының дарынды да талантты оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып сайысқа түсті. Мектеп намысын қорғап Май ауданы Ақжар мектебінен 11- сынып оқушысы Аскербек Асыл қатысып соңғы жылдардағы жетістігін ескере отырып “Жас дарын-2019” төсбелгі иегері болды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Мүтан Ардақ Мүтанқызы. Ұстазына сапалы дайындық үшін алғысымыз шексіз.

жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Жарқыра жайна, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша өткізілді

26.12.2019

Мектебімізде жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Жарқыра жайна, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша өткізілді. 8-11 сынып оқушылары кеште түрлі кейіпкер бейнесінде киініп, өнерлерін ортаға салды. Оқушыларға алдын-ала сатылған лотереялық ұтыс бойынша сыйлықтар үлестірілді. Кештің бағдарламасы бойынша: «Ең үздік мерекелік би» номинациясын 8- сынып оқушылары (арнайы ақшалай жүлде 5000 теңге), «Ең үздік көрініс »номинациясын 9- сынып оқушылары (арнайы ақшалай жүлде 5000 теңге), «Ең үздік мерекелік ойын» номинациясы 10- сынып оқушылары (арнайы ақшалай жүлде 5000 теңге) иеленді. Кештің «Ретро» жұлдыздары болған 11 сынып оқушыларына 18000 теңгегелік сертификат иеленіп қысқы демалыс уақытында қалаларға саяхаттауға жолдама алды. Демеушілеріміздің сыйлықтарымен марапатталып, меркеге орай жайылған дастарханға отырып, би кешімен жалғасын тапты.

Шағын орталық тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық “Кел,Жаңа жыл”атты ертеңгілігі өтті.

26.12.2019

Шағын орталық тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық “Кел,Жаңа жыл”атты ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте “Балапан”және”Еркетай” тобының тәрбиеленушілері Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің өнерлерін көрсетті.Ата-аналар да өздерінің ән-шашуларын тарту етті.Ата-аналар өздерінің ризашылықтарын білдіріп,екі топқа қажетті заттар сыйға тартты.Мектеп директоры-Олимпиада Досымжановна құттықтап,белсене қатысқан екі топтың ата-аналарына демеушілер атынан ақшалай сыйлық сыйлады.Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп,алғыс айтты.

Мектебімізде ортаңғы буын 4-7 сыныптар арасында «Кел, Жаңа жыл ортаға» атты жаңа жылдық шырша өткізілді.

25.12.2019

25-желтоқсан күні мектебімізде ортаңғы буын 4-7 сыныптар арасында «Кел, Жаңа жыл ортаға» атты жаңа жылдық шырша өткізілді. Кештің бағдарламасы бойынша:
-Ең үздік мерекелік костюм киген сынып;
-Ең үздік мерекелік ән орындаған сынып;
-Ең үздік мерекелік би билеген сынып;
-Ең үздік жаңа жылдық қабырға газеті номинациялары бойынша сынға түсті.
4 сынып оқушылары «Фиксики», 5-6 сынып оқушылары «Буратина мен Малвина», 7-сынып оқушылары «Сантаклуастар» болып өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың асыға күткен аяз атасы мен ақшақары кеш көркін қыздыра түсті. Кештің қорытындысы бойынша: 4-сынып- «Ең үздік мерекелік костюм» номинациясын иеленіп магниттік тақата және «Ең үздік мерекелік ән» номинациясын бойынша 3Д сағатын сыйға алды.;
5-6 сынып- «-Ең үздік мерекелік би» номинациясы бойынша 15000 теңгегелік сертификат иеленіп қысқы демалыс уақытында қалаларға саяхаттауға жолдама алды.
7-сынып- «-Ең үздік жаңа жылдық қабырға газеті» номинациясын бойынша арнайы ақшалай жүлдені иеленді.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жарқыра жайна, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша өткізілді.

24.12.2019

24-желтоқсан күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жарқыра жайна, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша өткізілді.Мектепалды даярлық тобы мен 3-сынып оқушыларын қамтыды. Кештің бағдарламасы бойынша:
-Ең үздік мерекелік костюм киген сынып;
-Ең үздік мерекелік ән орындаған сынып;
-Ең үздік мерекелік би билеген сынып;
-Ең үздік жаңа жылдық қабырға газеті номинациялары бойынша сынға түсті.
Мектеп алды даярлық сыныбы «Алладин мен Жасмин» болса , 1-сынып «Микки Маус» , 2-сынып «Қарақшылар», 3-сынып «Қуыршақ» бейнесіндегі кейіпкерлер болды. Концертімізде әр сыныптың көрсеткен өнерлері бағаланып, сыйлыққа ие болады. Олар: мектеп алды даярлық сыныбы «Үздік жаңа жылдық костюм» номинациясы бойынша 15000 теңгегелік сертификат иеленіп қысқы демалыс уақытында қалаларға саяхаттауға жолдама берді. Ата- аналары арнайы ақшалай жүлдені иеленді. 1- сынып оқушылары «Үздік жаңа жылдық қабырға газеті» номинациясын иеленіп 3Д сағатын сыйға алды. 2- сынып оқушылары «Үздік жаңа жылдық би» номинациясын иеленіп 3Д сағатын сыйға алды.3- сынып оқушылары «Үздік жаңа жылдық ән» номинациясын иеленіп ақшалай жүлдені иеленді. Көңілді кеш өткізуге ат салсып оқушыларға сыйлық дайындаған дархан демеушіміз алғыс айтамыз!

Қауіпсіздік сақтаңыздар!!!

18.12.2019

Шағын орталық тәрбиеленушілері Ертегілер әлеміне саяхат жасады

13.12.2019

Ақжар мектебінің кітапханасында шағын орталық тәрбиеленушілері Ертегілер әлеміне саяхат жасап, таныс ертегілерін рөлдеп сомдап берді.Максаты балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту.Ертегілердің кейіпкерлерін сахналап ойнатуға баулу

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында қорытынды концер өткізілді.

13.12.2019

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп бойынша Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған апталықтың жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні ​ «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында қорытынды концер өтті. Іс- шараға мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілері және мектеп оқушылары қатысты.

«Тәуелсіздік кезеңдері» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

12.12.2019

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп бойынша Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған апталықтың жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік кезеңдері» атты тәрбие сағаттары өткізілді.