Monthly Archives: Қазан 2019

«Зерде» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы өткізілді.

29.10.2019

2019 жылдың 29 қазан күні 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. Байқау бастауыш және орта мектептердегі оқушылардың жеке басының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін зерттеушілік мінез-құлық дағдыларын жетілдіру және зерттеу әдістерін дамыту арқылы дамытуға бағытталған. Сайыс нәтижесі бойынша 7-сынып оқушысы Жунусова Асем 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Мүтан Ардақ Мүтанқызы. 1-сынып оқушысы Руслан Земфира 3 орынға ие болды. Жетекшісі Жуманова Гүлнұр Мұхтарқызы. 4-сынып оқушысы Мұсайлла Ақбота 3 орынға ие болды. Жетекшісі Ерболат Жанар.

Аудандық ғылыми жоба сайысы

28.10.2019

2019-2020 оқу жылында аудандық ғылыми жоба сайысына 4 бағыт бойынша 5 жоба қатысты. 4 жоба жүлделі орындарға ие болып, облысқа жолдама алды. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау
секциясы топтық жоба Еркен Даяна, Аубакирова Адина-«Сапалы жоба» номинациясына ие болды, жетекшісі Аубакирова Олимпиада Досымжановна. Тіл білімі(ағылшын тілі) Еркен Айша -І орын, жетекшісі Мынжасарова Айна Самиевна. Өлкетану секциясы топтық жоба Аскербек Асыл, Зекенова Диана- І орын,жетекшісі Мүтан Ардақ Мүтанқызы. Тарих секциясы Ахмедиева Мадина-І орын,жетекшісі Серикбаева Балжан Муратовна.
Менің нақты білетінім – әлемді жақсы жағына өзгертетін адам болса, ол – мұғалім. Ұстаздар қауымына сапалы дайындық үшін алғысымыз шексіз. Облыстық ғылыми жоба сайысынан жүлдемен оралатындарыңызға үлкен сенім артамыз.

Бастауыш сынып оқушылары арасында VII аудандық математикалық турнир өткізілді

26.10.2019

Май ауданының білім беру бөлімі бастауыш сынып оқушылары арасында VII аудандық математикалық турнир өткізді.Турнирға мектебіміздің намысын қорғап 2-сынып оқушысы Еркен Сымбат,3-сынып оқушысы Элимесұлы Жігер,4-сынып оқушысы Мұсайла Ақбота қатысты.Жарыс нәтижесі бойынша оқушыларымыз командалық III орын иеленді.
Оқушыларымызды жүлделерімен құттықтай отырып бағындырар белестерін көп болсын дейміз.

Қазақ күресі жүргізіліп жатыр

25.10.2019

Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Мектебімізде қазақша күрес үйірмесі өз жұмысын жүргізіп жатыр. Мықты, тәуекелшіл, намысты жастарымыз көп болсын!

24.10.2019

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізіліп жатыр.

22.10.2019

Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып,Ақжар ОМ кітапханашысы Алибекова Асем Темирболатовна «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырады.

«Кітапханаға кітап сыйла!»акциясы (ары қарай Акция) коммерциялық емес, қайырымдылық іс-шара болып табылады.

Мақсаты – мектеп кітапхана қорын заманауи басылымдармен толықтыру.

2000 жылдан бастап жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, ауыл шаруашылық, құқықтық, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы заманауи әдебиеттер қабылданады. Кітаптар жақсы жағдайда болуы тиіс.

«Педагог мәртебесі туралы»

22.10.2019

2019 жылдың 21 қазанында мектеп директорының міндетін атқарушы Досжанов Екпин Рахимович, кәсіподақ ұйымының төрайымы Жунусова Жулдыз Жомартовна Ақжар ОМ ұжымымен «Педагог мәртебесі туралы» заңды талқылады. Кездесуді мектеп директорының міндетін атқарушы Досжанов Екпин Рахимович ашып, қазақстандық педагогтардың мәртебесін көтеру мәселесін жан-жақты талқылаудың маңыздылығын атап көрсетті.

“Ғылыми жоба жазу барысындағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

22.10.2019

18  қазан күні  мектеп тренерлері педагог-зерттеуші, тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Балжан Муратовна мен ІІІ деңгейлік курстан өткен информатика пәнінің мұғалімі Каиржанова Мадина Маратовна бірлесіп “Ғылыми жоба жазу барысындағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинарға мұғалімдер мен шағын орталық тәрбиешілері белсене қатысты. Семинарда Балжан Муратовна сабақ соңында оқушылардың еркін сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында жарнама әдісін қолданудан мастер-класс көрсетті. Мадина Маратовна сабақты бекіту барысында Kahoot, QR-код  қолданудың тиімді жолдары бойынша шебер-сынып көрсетті.

“Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемі”тақырыбында коучинг өткізілді.

17.10.2019

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Толеубековна Макажанова “Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемі”тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке мектебіміздің ұстаздары шағын орталық тәрбиешілері белсене қатысты.

“Кітапханашылар ” мерекесі

16.10.2019

Кәсіподақ ұйымы және төрайымы Жулдыз Жомартовна мектеп кітапханашысын “Кітапханашылар ” мерекесімен құттықтады. Асем Темірболатовнаға Халық радиосы арқылы құттықтау жолдап,жылы лебізін білдірді!Мектебіміздің рухани өсуі мен өркениет биігіне ұмтылысына ұйтқы болып жүрген еңбегіңіз еселене берсін.
Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық,мектебіміздің жарқын болашағы жолындағы қызметіңізге табыс, бақ-береке тілейміз.