Monthly Archives: Қыркүйек 2019

«Аяулы күз,Алтын күз»атты мерекелік іс-шара өткізілді.

22.09.2019

21.09.2019 күні бастауыш сыныптар арасында «Аяулы күз,Алтын күз»атты мерекелік іс-шара өткізілді. Барлық сыныптар күзгі тақырыпқа сай костюм киіп,өз топтарын қорғады.Күз мезгіліне байланысты мүсін жасап,киім үлгісін көрсетті.Әр сыныпқа үйге тапсырма ата-аналармен бірлесіп қабырға газетін салу болды. Оқушылар мерекелік іс-шараға белсене ,қызығушылық танытып қатысты.Әділ-қазы алқалары әділ бағаларын беріп,әр сыныпты номинациялар бойынша марапаттады.Мектепалды даярлық сыныбын «Ең үздік қабырға газеті «, «Ең үздік киім үлгісі «,1-сынып «Ең үздік таныстыру «,2-3-сынып «Ең үздік би»,4-сынып «Ең үздік мүсін «,»Ең үздік ән» номинациялары бойынша марапатталды!!!

«Аяулы күз, Алтын күз» атты кеші өтті.

21.09.2019

Қыркүйек айының 21-жұлдызында Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде «Аяулы күз, Алтын күз» атты кеші өтті. Кеш барысында 5-6 сынып оқушыларынан құрылған «Qarbyz.kz» командасымен 7-сынып оқушыларынан құралған «Тәтті бұрыштар» командалары сынға түсті .
Қос команда келесі кезеңдер бойынша сынасты:
1- кезең: Үй жұмысы. Амандасу.
2- кезең: Топтың аты бойынша реклама жасау.
3- кезең: Берілген жеміс- жидектер бойынша зияны мен пайдасын көрсету.
4- кезең: Мүсін жасау.
«Qarbyz.kz» командасы үй жұмысына әзілдерден көрініс қойса, «Тәтті бұрыштар» командасы топтық би билеп өнер көрсетті. Келесі кезеңдерде командалар жұмылып, топ болып жұмыс жасады. Жоғары сынып оқушылары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Конкурс нәтижесінде «Qarbyz.kz» командасы «Белсенді сынып» , «Тәтті бұрыштар» командасы «Өнерлі сынып» номинацияларымен марапатталды.

Пікір сайыс өткізілді

16.09.2019

Бүгін мектебімізде оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымы 7-8 сыныптар арасында пікір сайыс ұйымдастырды.

Электр қауіпсіздігі

16.09.2019

Бүгін мектебімізде электр жүйесінің қызметкері Етікбаев Ертай оқушыларға электр қауіпсіздігі жөнінде дәріс оқып, арнайы нұсқаулықпен таныстырды.

Дорогие дети! Внимание!

14.09.2019

Балалар! Назар аударыңдар!

14.09.2019

Жалпыхалықтық  диктант

10.09.2019

Ақжар жалпы орта білім беретін  мектепте 10.09.2019  күні  сағат 11.00-де  Республикалық   жалпыхалықтық  «2019 jyl- Jastar  jyly»  тақырыбында  диктант өткізілді. Диктантқа 15  жастан   асқан  азаматтар мен азаматшалар    қатысты. Диктантты бастамас  бұрын  латын графикасына негізделген  қазақ әліпбиімен  таныстырылды. Диктант  жазуға  барлығы  30 адам қатысты. Жазу  парағымен  бірге әліпби  парағы  берілді.  Диктантты  жазушыларды  мәтінді оқу арқылы таныстырылды.    Оқылған  мәтінді  мұқият  жазуға  тырысты. Әрбір  диктант жазушы  диктантты жазып  болған соң  тексерді. Мектеп  әкімшілігінен қатысқан  мұғалімдер -18 , 10-11 сынып оқушылары-8, жұмысшылары- 4. Диктант  жазуға  белсенді қатысты.

 

«Биле балақай» атты флешмоб өткізілді.

07.09.2019

Мектебімізде «Денсаулық апталығы» аясында бастауыш сынып оқушылар арасында «Биле балақай» атты флешмоб өткізілді.

«Мен табиғатты аялаймын»

06.09.2019

«Дені саудың жаны сау» демекші АЖОББМ жағындағы шағын орталықтың тәрбиеленушелері табиғат аясында деңсаулық күніне орай «Мен табиғатты аялаймын» атты шара өткізді. Мақсаты: балаларды табиғатпен,қоршаған ортамен таныстыра отырып ,таза ауамен деңсаулық нығайту.

«Денсаулық-өмір негізі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

06.09.2019

«Денсаулық апталығына» аясында 4-сыныпта «Денсаулық-өмір негізі» атты тәрбие сағаты өткізілді.