Monthly Archives: Мамыр 2019

“Бақытты балалық шақ” ертеңгілігі

27.05.2019

Ақжар ЖОББМ жанындағы шағын орталық “Еркетай” тобында 27.05.2019 күні “Бақытты балалық шақ” атты ертеңгілік өткізілді. Болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатына сенімдіміз.

Түлектерге алғыс!

26.05.2019

Мектебімізде өткен “Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты салтанатты жиынымызға осыдан 1994 жыл, 1999 жыл, 2014 жылдары бітіріп, мектеп қабырғасынан төлқұжаттарын қолдарына алып ересек өмірге қадам басқан шәкірттер туған мектебіне үлкен сағынышпен оралды. Игі дәстүр бойынша «Мектебіме тағзым» атты акциясы аясында 1994 жылғы мен 2014 жылғы түлектеріміз мектептің “Шежіре” мұражайына жиһаздармен толықтырулар енгізді. 1999 жылғы түлектеріміз 100 мың теңгелік сертификат табыс етті.
Салтанатты жиынан кейін, барша түлектер өздерінің оқыған білім ордасын аралап, өткен оқушы шақтарын еске түсірді. Мектебіміздің 25 жылдық мерейтойына орай ашылған “Шежіре” мұражайымен танымдық жұмыстар жүргізілді. Түлектерімізге алғыс айтамыз!

«Жыл мұғалімі-2019», «Жыл оқушысы-2019» марапатталды

26.05.2019

2018-2019 оқу жылында білім шыңының биік белестерінен көріне білген, мектебіміздің атын аудандық, облыстық және республикалық байқаулардан атын шығарып жүрген ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың ішінде оза шауып алға суырылып шыққандар анықталды.
«Жыл мұғалімі-2019» атағын Мутанқызы Армангүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мүтан Ардақ Мүтанқызы тарих пәнінің мұғалімі иеленіп, кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйлығын алды.
«Жыл оқушысы-2019» атағын Аскербек Асыл 10- сынып оқушысы мен Құмарханов Бекзат 9- сынып оқушысы иеленіп, Май аудандық маслихат депутаты Бауыржан Утепбергенов оқушыларымызға Баянаул жеріндегі “Жас даурен” жазғы сауықтыру лагеріне жолдама берді.
Асу белестерді бағындыруда қанаттарыңыз талмасын. Жеңістерініз құтты болсын!

Соңғы қоңырау

26.05.2019

25 мамыр күні ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Осы күні мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мереке. Бұл күн алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн… Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн. Шара барысында мектебімізде үздіктер шеруі өтіп, соңғы қоңырау соғу мәртебесі мектеп бітіруші түлектеріне берілді.

«Мектебіме тағзым» атты акциясы

24.05.2019

Мектеп табалдырығын осыдан 5 жəне 25 жыл бұрын бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан мектебіміздің түлектері биыл өз ұшқан ұяларына «Мектебіме тағзым» атты акциясы аясында алғыс білдірді. Мектептің “Шежіре” мұражайына жиһаздар алып беріп толықтырулар енгізді. Акцияға белсене қатысқан түлектерімізге алғыс айтамыз!
2014 жылғы түлектер:
1. Марат Жангелді
2. Мүтан Ардақ
3. Жуманова Гүлнұр 
4. Алтынбасар Айдана
5. Амангелді Брнеақтияр
6. Яхияа Азамат
7. Орынбасар Нұржамал
8. Хойтан Темірлан
9. Ерболат Жазира
10. Қалдымұрат Қуанышбек

1994 жылдық түлектер:
1. Алибекова Асем Темирболатовна
2. Алибекова Роллан Темирболатович
3. Бисмильдин Нариман Досымжанович
4. Искаков Ескендир Бекберович
5. Есентаев Асхат Ризабекович
6. Мусина Әлия Мухамедкалиевна
7. Аскаров Дархан Толехунович                                                                                                        8.Саденова Алтын Танжарыковна

«Үздік маман-2019» конкурсы өткізілді.

23.05.2019

«Тәлімгер» жастар ұйымының ұйымдастыруымен, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мамыр айының 21-жұлдызында «Үздік маман-2019» конкурсы болып өтті. Бұл конкурсқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға келіп, еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын, 20-29 жас аралығындағы жас мамандар қатысты. Конкурс 3 тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырмада қатысушылар өздері жайлы 10 беттен аспайтын  презентация дайындауға тиіс болды. Екінші тапсырмада қатысушылар: «Неліктен бұл мамандық басқалардан артық ?» сұрағына еркін формада жауап беруге тиіс болды. Үшінші тапсырмада қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

Бұл сайысқа 9 жас маман қатысып, бақтарын сынады. Ақжар орта мектебінен 3 үміткер қатысты: Бастауыш сынып мұғалімі-Ерболатқызы Жанар,робототехника пәні мұғалімі-Назарұлы Есембол, тарих пәні мұғалімі Мүтан Ардақ Мүтанқызы. Ақжар мектебінің ұстаздары өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерімен көзге түсіп, Назарұлы Есембол –«Ең заманауи маман» номинациясымен, Ерболат Жанар –«Ең жауапты маман» номинациясымен марапатталса, Мүтан Ардақ Мүтанқызы жүзден жүйрік атанып, ГРАН ПРИ иегері атанды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен мараптталды.

Ақжар мектебінің жалынды жастарын жеңістерімен құттықтап, алар асуларыңыз көп болсын деп тілейміз.

4-сынып оқушылары “Қош бол, бастауышым!” қоштасу кешін өткізді.

18.05.2019

Мектебіміздің 4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасу кешін өткізді.Бұл кеш “Қош бол, бастауышым!” деп аталып оқушылар 4 жыл бойы білім нəрімен сусындатқан ұстаздар қауымына арнап өлең шумақтарын, əн-биін ортаға салды. Мектеп табалдырығын осыдан 4 жыл бұрын тарыдай боп аттаған, әлі де оң-солын танып үлгермеген бүлдіршіндер бүгінде əріп танып, өз өнерін көрсете алатын оқушы атанып отыр.Бастауыштағы небір тəтті естеліктерді алғашқы ұстаздары үлкен толғаныспен жеткізді. Оларға əркез дұрыс жол сілтеп, бүгінгідей керемет қуанышты көңілді кешті ұйымдастырған сынып жетекшілері Құндыз Серікқызы Есенгалиеваға алғыс білдіреміз!

Мектепалды даярлық сыныбында “Мен мектепке барамын”атты ертеңгілігі өткізілді!

18.05.2019

18 мамыр күні Ақжар орта мектебінде мектепалды даярлық сынып жетекшісінің Жулдыз Жомартовнаның ұйымдастырумен мектепалды даярлық сыныбында “Мен мектепке барамын”атты ертеңгілігі өткізілді!Ертеңгілік шымылдығын мектеп директоры Олимпиада Досымжановна Аубакирова ашты!Ертеңгіліктің І бөлімінде бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды!Сынып жетекшісі Жулдыз Жомартовна түлектеріне сәт сапар тілеп,ата-аналарға шексіз алғысын білдірді. ІІ бөлімінде түлектер тілектерін тілеп,әуеге “Тілек шарларын”ұшырды!
Ертеңгілік соңында мектепалды даярлық сынып жетекшісі Жулдыз Жомартовнаға ата-аналар өздерінің алғыстарын білдірді!

1 Республикалық “Әдебиет білгірі” олимпиадасының қорытындысы.

16.05.2019

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының иегері, “Білім бұлағы”аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиеті пәнінен болашақ әдебиетшілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған 1 Республикалық “Әдебиет білгірі” олимпиадасында 6 сынып оқушылары Жасқайрат Арнұр, Мəшен Дияр-2 орын,7 сынып оқушысы Зекенова Диана-2 орын. Жетекшісі Макажанова Меруерт Толеубековна. 7-cынып оқушысы Саттибайұлы Нұрбақыт 1 орын иеленді. Жетекшісі Болатхан Сатыболд.

Оқушылардың агрессия кезінде өз эмоцияларын басқару атты тренинг өткізілді

16.05.2019

8-11 сыныптар аралығында жасөспірімдік агрессиясын ескертуге және өмірлік қиын жағдайларды жеңуге бағытталған алдын алу шаралары ретінде бейнероликтер көрсетіп сауалнама өткізілді . ”Мен қиындықты жеңемін ” және ” Сен агрессияны қалай жеңесің ” көрсетілімінен кейін оқушылар эссе жазды .