Monthly Archives: Сәуір 2019

ХХ «Бүлдіршін» фестивалі

25.04.2019

2019 жылдың 24 сәуір күні мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХ «Бүлдіршін» фестивалінің аудандық кезені өтті. «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері өздерінің «Самовар» және «Спорттық» билерін көрсетіп көрермен қошеметіне бөленді. Көркем сөз Бағдат Мәжитов «Мәңгілік Ел қақпасы» бағытында Қайырболат Айымгүл қатысты. «Бүлдіршін» фестивальінің қорытындысы бойынша облыстық кезенге «Самовар» биі жолдама алды. Барлық бүлдіршіндерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

“IQANAT” олимпиадасы

22.04.2019

🇰🇿🥇IQanat – бұл қазақстандық демеушілердің ауыл мектептеріне арналған республикалық білім беру жобасы. Мақсаты – ауыл мектептері оқушыларына Қазақстанның және шетелдің ЖОО-на түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету. Оқушыларымыз Құмарханов Бекзат, Нуртаева Мадина, Қаркен Ернұр “IQANAT” олимпиадасының 1 кезеңінің жеңімпазы аттанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2 кезеңінен сүріңбей өтуіне тілектеспіз.

Сенбілік

22.04.2019

Мектеп ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мектеп ауласын көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге барлық мектеп ұжымы белсенді ат салысты.

«VII Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үрдісі: тәжірбиелер, мәселелер, перспективалар» атты конференциясының нәтижесі

22.04.2019

Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде дәстүрлі «Ахметов оқулары» өтті. Конференция биыл алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. Өйткен, көршілес Ресей мен Беларусь елдерінен ғалымдар қатысты. «VII Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үрдісі: тәжірбиелер, мәселелер, перспективалар» атты конференцияға мектебімізден 2 жас маман қатысып, баяндамалырын қорғады. Нәтижесінде: тарих пәнінің мұғалімі- Ардақ Мүтанқызы ІІІ орын, математика пәнінің мұғалімі- Мадина Сутешовна «Жас зерттеуші» номинация иегері болды. Жетістіктеріңіз құтты болсын!

Аудандық «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті

17.04.2019

Аудандық «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті кеше өткен болатын. Слетте барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуға, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарын үлгі етуге шақырды. Іс-шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарынан мектебіміздін командасы 9-оқушыдан тұрды. Дайындаған мектептің аға тәлімгері Алибекова А.Т. «Келешек» атты командасы. Нәтижесінде команда қатысушыларға «Сертификат» берілді.

«Қауіпсіз интернет»

09.04.2019

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп айтсақ болады. Барлығымыз интертнетті қолданғандықтан оның бізге алып келер қауіпті жағдайларыда бар. Ақжар мектебінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясы білім беру ұйымдарына ұсынылған бағдарлама бойынша жұмыстар іске асырылды. Атап айтатын болсақ: «Интернет дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаттар, «Қауіпсіз инертнет еліне саяхат» атты сыныптар арсында плакаттар және буклеттер жасалынып, «Интернет және біз» тақырыбында дөңгелек үстел, флешмоб, «Қауіпсіздік интернет» тақырыбында шығармалар сайысы, ата-аналар арасында жиналыс өткізілді.

Облыстық жаппай диктанты өткізілді

05.04.2019

Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа әліпбиді насихаттау мақсатында 5 сәуір күні облыстық жаппай диктанты өткізілді.

Бірыңғай таңғы жаттығу

05.04.2019

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» Дүниежүзілік денсаулық күні аясында, жалпы білім беретін мектептерінің үйлесімді қатысуымен республикалық таңғы жаттығу өткізу жоспарланды. Осы жоспар аясында мектебіміздің оқушылары таңғы жаттығуға шықты. Жаттығу барысында оқушылар бір-бірінің қолдарын алмасып, түрлі жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Жайдарман-2019

05.04.2019

Жалынды жастардың басын қосқан Аудандық оқушылар үйінің бастамасымен «Жайдарман-2019» фестивалі өткен болатын. «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.Мектебімізден «Ақжар ұландары» командасы қатысып жүлделі ІІ орын иегері болды. Команда құрамында: Аскербек Асыл, Зекенова Диана, Еркен Айша, Еркен Даяна, Еркен Аяжан, Жолдасбекова Жансая, Нуртаева Мадина және капитаны Кумарханов Бекзат болды.
Мектебіміздің жайдарманшыларын жеңісімен құттықтаймыз!

ҚАУІПКЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

02.04.2019

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда болады. Электр  құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және  басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді  білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін  сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне  әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:  

– 2001-2002 жылдары  Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған; 

– 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

– 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты.  Нәтижесінде, баланың екі қолын  бірдей ампутациялауға тура келген;

– 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды. 

Сонымен үзілді-кесілді:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды; 
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде тоқтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде тоқ соғуы мүмкін; 
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге  орнату қажет. 

Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.