Monthly Archives: Ақпан 2019

Ел құтқарар ер едім…

21.02.2019

Мектеп оқушыларын Махамбеттің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпаққа тереңірек таныстыру мақсатында аудандық «Махамбет» оқулары өткізілді. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Құмарханов Бекзат «Ел құтқарар ер едім…» бөлімі бойынша қатысып, ер Махамбеттің шығармаларын еш мүдірмей оқып, облыстық кезеңге жолдама алды.Бекзатқа білім жолындағы қанатың еш талмай, самғай бер деп тілек білдіреміз.

«Батырлар сізге мың алғыс»

15.02.2019

Биыл  ауған соғысының аяқталғанына  30 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.Дәл осыдан 30 жыл бұрын Кеңес әскері Ауғанстан Демократиялық Республикасы шекарасынан шығарылды. Бұл бейбіт күннің бастауы барша елге қуаныш әкелді. Қазақ топырғанан осы соғысқа 22 мыңнан астам азамат қатысқан болатын.

Бүгінде ауылымызда Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалис  Жанаков Елтай Нұртайұлы ортамызда жүр. Осыған орай «Батырлар сізге мың алғыс» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында бастауыш сынып оқушылары әдеби монтаж оқыды.

Ауғанның отты-жалыны

15.02.2019

Мектеп оқушыларына «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағатының негізгі мақсаттары:Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады.

Сауалнама жүргізілді

11.02.2019

Мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Саламатты тұрғын үй» акциясы барысында сауалнамалар алынды.

«Саламатты тұрғын үй» акциясы ұйымдастырылды

11.02.2019

Мектебімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәрбие сағаттары өткізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Бастауыш мұғалімдеріне арналған вебинар

08.02.2019


08 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері “Бастауыш мектептегі ойлауды дамытудың практикалық тəсілдері” атты вебинарға қатысты.

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар!!!

05.02.2019

Қызылшаның алдын алу

05.02.2019

Мектебімізде қызылша ауруының алдын алу және жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Оқушылардан «Қызылшаны алдын алу» тақырыбы бойынша  диктант алынды.

Integrity Shop жобасы мектебімізде…

01.02.2019

Орта білім беру ұйымдарында ұсынылып отырған концепцияға сәйкес «Integrity Shop» жобасы іске асырылды. Мектепке қажетті кеңсе тауарлары қол жетімді бағада сатуға қойылып, арнайы кассаға ақшалар жинақталды.