Monthly Archives: Тамыз 2018

Тамыз кеңесінің қорытындысы.

27.08.2018


2018-2019 оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында Май ауданы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Жиын барысында аудан әкімі Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев тарапынан құттықтау сөз және білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. ҰБТ-ге дайындықты күшейтіп, сапасын көтеру тапсырылды.
Май ауданы білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Темірболатова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Май ауданы білім беру жүйесі:даму үрдістері және перспективалары » тақырыбында баяндама оқыды.
Қол жеткізілген бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер айтылып, өз ісін абыроймен атқарып жүрген ұстаздар марапатталды. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп директоры О.Д. Аубакирова «Өрлеу» номинациясын иеленді. Мектеп психологі Яхияа Назгүл Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқаны үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.

Ақшиман өңіріне саяхат.

23.08.2018


Кез-келген халықта сонда тұрып жатқан әрбір адам жанының бір бөлігін құрайтын жерінің қасиетті бұрыштары бар. Рухани жаңғыру бағдарлама аясында өз өңіріміздегі елді мекендердің біріне ат басын бұрдық. Май өңіріндегі тарихи өлкеге бай мекені, Ақшиман елді мекені деп айтуға болады. Бұл таулар, жартастарға жармасқан аспан, жартастардың пішіні өте келбетті тыныштық пен мәңгілік сезімі ұялаған.
Аталмыш өңірге бізде саяхаттап қайтуды жөн көрдік.Мектеп оқушыларымен екі күндік палаталық лагерге шығып өлкенің тыныс-тіршілігімен,табиғатымен ондағы өзіндік сыр шертетін ескеткіштер мен таңдамалы жерлеріне барып таныстық.
Өлкенің таңдай қақтырар сұлулығын көрген адам баласы жаратқанның мейірімі тек қана осы өңірге түскендей ойға берілері хақ.Адам қолымен қалағандай қабат-қабат тастарының өзі-ақ ертегілер еліне жетелегендей. Әрбір тау-тас тарихи сыр шертіп, көз тоймас сұлулықтары адам жанын ерксіз тылсым күйге бөлейді.
Осындай тарихымыздан ерекше орын алған өлкенің тынысымен, тарихымен жіті таныстыру,танымдық жұмыстарын жүргізу,оқушыларымыздың дүниетанымын, рухани байлықтарын молайтады деген сенімдеміз.

Мемлекеттік грант иегерлері анықталды

12.08.2018

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз»
Мектеп – келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдендірер, мейірін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаз. Ұстаздардың еңбегі оқушыларының жетістіктерімен, жеңістерімен бағаланады.
2017-2018 оқу жылында ЖОО түсуде 2 түлек мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл көрсеткішті жалпы түлектер санына (2 түлек) шаққанда 100% құрайды. (2017 жылы 2 грант болды, жалпы түлектер санына (2 түлек) шаққанда 100% құрады).
Түлекетріміз Темиршотов Азамат Павлодар қаласы ПМУ «Көліктік құрылыс» , Мергалымова Ақмарал ПМУ «Электроэнергетика» мамандығы бойынша мемлекеттік грантын ұтып алды.
Болашақта да мектебіміздің атын абыройға бөлеп жүретін тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын ұстаздарымыз бен білімді оқушыларымыздың саны арта берсін.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…»

09.08.2018


Білім беру басқармасы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мектебіме тағзым» жобасы шеңберінде «Мектеп оқушысына қаладан тыс лагерьге жолдама сыйла» акциясы өткізген. Бұл акцияға мектебіміздің түлектері де тыс қалмай, белсене қатысты. Атап айтсақ, Жаканова Аружан Ерболатқызы 6-сынып оқушысы Талғат Айзадаға, Бисмильдин Ержан Досымжанович Аскербек Асылға 29.06-13.07.2018 аралығында Баянауыл ”Жас дәурен” жазғы сауықтыру лагеріне жолдама табыс етті.
Екі оқушымыз өте жақсы демалып, ерекше әсерде оралды. Демеушілерге ата-ана, оқушыларымыздың айтар алғыстары шексіз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын…» демекші , алдағы уақытта да мектеп түлектері атынан осындай игі шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз.

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

01.08.2018


2018 жылдың тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында облыста «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
2018 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.