Monthly Archives: Шілде 2018

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьі ІІІ ауысымының ЕСЕБІ

19.07.2018

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

Іс – шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Балдәурен» лагері ІІІ ауысымда жоспар бойынша өз қызметіне мына бағыттағы іс – шараларды атқарды:

–         Жас эколог;

–         Өлкетану және туризм;

–         Tur step – by – step

–          Дарынды шеберхана

–         Жас ұлан;

–         Спорттық шаралар.

–         Жазғы IT мектеп

«Балдәурен» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс  жоспарлары іске асырылды.

ІІІ ауысым маусымның 4-нен шілденің 19-На дейін өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 17:00-ге дейін. Ұйқымен 15 оқушы.Тегін- 7, ақылы-5, түске дейін,түстен кейін ұйқысыз , бағыттар бойынша мектеп оқушылары қамтылды.

ІІІ ауысымда атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, «Сиқырлы кітаптар әлемі», «Адамның денсаулығы –қоғам байлығы», «Таланттылар күні», «Ән көнілдің ажары» атты керемет кештер өтті. Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері мектепшілік жазғы демалыс лагерінен бастау алады.
Біздің лагерьде балалардың жалығуы немесе зерігуі мүмкін емес. Өйткені таң атқаннан кеш батқанша алуан түрлі сауықтыру ойындары, спорттық ойындар, зерттеу және іздестіру жұмыстары өтеді.   Демалушылардың жайдары жүздерін көріп біз де риза боламыз. Балдырғандарымызды ерекше қуантып, таңқалдырған күн ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» саяхат күні. Балдырғандар «Түрлі-түсті, әуенді субұрқақ» аясында ерекше көңіл күймен демалып қайтты. Әр ауысымның басталуын ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» барумен ашу дәстүрге айналды.

Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс – шаралар жан-жақты ұйымдастырылды.

Балалар өз қолдарымен  «Балдәурен» атты бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі  көңілді әндер жаттады.

Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.

«Балдәурен» лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді.

Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын  жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау», «Сұр мысық» және т.б.  спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

Аудандық Жаз-2018, «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында «Бала достары» сайысында 5 номинация бойынша қатысып, Talantlive бағыты бойынша І орын, Жас эколог бағыты бойынша І орын.

Лагердің жабылуына арналған  іс-шараларда  оқушылар 13 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.  

Жазғы сән-2018

18.07.2018

“Балдаурен” сауықтыру-демалу лагерінде “Жазғы сән-2018” сайысы өтті. Балалар түрлі киім үлгілерін ұсынды. Балалар іс-шараға өте белсенді қатысты.

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

17.07.2018

«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты іс-шара өткізілді. Жол тәртібі бойынша балаларға шағын баяндама оқылды. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз деген ұранмен балалар жол ережесін сақтауға уәде етті. Балалар іс-шараға өте белсенді қатысты.

Биле, биле

16.07.2018

«Балдаурен» жазғы сауықтыр лагерінде «Биле, биле» атты флешмоб ұйымдастырылды. Оқушылар флешмобқа белсене қатысты.

Нашақорлыққа қарсымыз

14.07.2018

«Балдаурен» лагерінде «Зиянды әдеттерден сақтанайық» тақырыбында іс- шара өткізілді. «Алкогольдің, шылым шегудің, нашақорлықтың зияны» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Балалар топқа бөлініп зиянды әдеттерді сипаттап берді. Балалар іс-шараға өте белсенді қатысты.

Көңілді мәре

12.07.2018

«Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: балаларға салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру, спорт туралы білімдерін кеңейтіп, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Оқушылар «Барыс», «Бүркіт» атты екі командаға бөлініп, Эстафеталық жарыс (доппен кедергілер арасынан жүріп өту), Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген есепті шығару), Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі), Секіртпемен жүгіру (Секіртпемен кедергілер арасымен секіру) Допты шығыршықтан өткізу атты бес бөлімнен тұратын жарысқа жауаптылықпен белсене қатысты. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.

Сиқырлы кітаптар әлемі» атты танымдық танымдылық іс – шара өткізілді

11.07.2018

Іс – шараның мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға баулу, қаланың мәдени және әлеуметтік, өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау.  Шара барысында ауыл  кітапханашы Курмашева Халида Агинтаевна оқушыларды кітаптың шығу тарихмен таныстырып, жаңа келген кітаптарды ұсынды. Шара соңын балдырғандар флеш-моб билеумен аяқтады.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы

10.07.2018

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшыныса кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі салауатты өмір салтын сақтауда. Сол себепті жазғы лагерьде балалармен әр түрлі қозғалмалы ойындар – эстафеталар, волейбол, спорттық жарыстар ұйымдастырумен қатар ой еңбегін дамытатын шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері кең насихатталуда.

Таланттар күні

09.07.2018

«Балдаурен» лагерінде  «Таланттар күні» атты мерекелік шара өтті. Балалар ән айтып, би билеп, сахналық қойылым көрсетіп өз өнерлерін көрсетті.

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьі ІІ ауысымының ЕСЕБІ

07.07.2018

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

Іс – шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Балдәурен» лагері ІІ ауысымда жоспар бойынша өз қызметіне мына бағыттағы іс – шараларды атқарды:

–         Жас эколог;

–         Өлкетану және туризм;

–         Tur step – by – step

– Дарынды шеберхана

–         Жас ұлан;

–         Спорттық шаралар.

– Жазғы IT мектеп

«Балдәурен» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс  жоспарлары іске асырылды.

ІІ ауысым маусымның 18-нен шілденің 2-не дейін өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 17:00-ге дейін. Ұйқымен 12 оқушы.Тегін- 7, ақылы-5, түске дейін,түстен кейін ұйқысыз , бағыттар бойынша мектеп оқушылары қамтылды.

ІІ ауысымда атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, «Көңілді – жаз», Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері мектепшілік жазғы демалыс лагерінен бастау алады.
Біздің лагерьде балалардың жалығуы немесе зерігуі мүмкін емес. Өйткені таң атқаннан кеш батқанша алуан түрлі сауықтыру ойындары, спорттық ойындар, зерттеу және іздестіру жұмыстары өтеді. Демалушылардың жайдары жүздерін көріп біз де риза боламыз. Балдырғандарымызды ерекше қуантып, таңқалдырған күн ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» саяхат күні. Балдырғандар «Түрлі-түсті, әуенді субұрқақ» аясында ерекше көңіл күймен демалып қайтты. Әр ауысымның басталуын ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» барумен ашу дәстүрге айналды.

Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс – шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Патриоттар күні «Рәміздерді құрметтейік!», Қоршаған орта күні «Табиғатқа саяхат», Денсаулық күні «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі», «Жүйрік болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар, Әдептілік күні «Әдеп әліппесі» ұлттық – танымдық тәрбие сағаттары демалушыларды өте қызықтырды.

Балалар өз қолдарымен  «Балдәурен» атты бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі  көңілді әндер жаттады.

Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.

«Балдәурен» лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді.

Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын  жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау», «Сұр мысық» және т.б.  спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

Лагердің жабылуына арналған  іс-шараларда  оқушылар 13 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.

ІІ ауысымның жабылу салтанатынан көрініс!