Monthly Archives: Маусым 2018

Күрделі жөндеу жұмыстары

21.06.2018

2018 жылдың 7 маусым күні мектептің жұмсақ жабындысына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.  Облыстық бюджет тарапынан 6 млн. 832 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Строитель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Мердігер жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Курчатов қаласына саяхат «Балмұздақ күні»

08.06.2018

                         

 Жоспарға сәйкес балғындармен Курчатов қаласына саяхатқа бардық Демалушылар «Балалар саябағында» ойнап, жақсы көңіл көтеріп қайттық. Курчатов қаласында ашылған су бұрқасынды тамашалады. Мектеп әкімшілігі тарапынан балаларды тасымалдауға көлік ұйымдастырылды.

 

 

 

     

     

     

Жайдарлы жаз

08.06.2018

Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді.

 

 

   

   

Ауыл медбикесі балдырғандарға «Іш ауруларының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды

08.06.2018

Ауыл медбикесі Болатова Маржангул Болатовна балдырғандарға «Іш ауруларының алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, тәжірибесінде болған оқиғалармен бөлісті.  Балалар көптеген сұрақтар қойып, өздері білмей жүрген сұрақтарына жауап алды.

Ұстаздар арасында мамандығы бойынша ең үздік аудандық сайысының жүлдегерлері

08.06.2018

Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады. Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі Май ауданының Ішкі саясат бөлімінің демеушілігімен және Кенжекөл жастар ұйымының ұйымдастырылуымен «Ұстаздар арасында мамандығы бойынша ең үздік аудандық» сайыс өтті. Сайысқа мектебіміздің екі жас маманы қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бексеитова Г.К “Кәсіби ұстаз”, шағын орталық тәрбиешісі Жунусова Ж.Ж. «Жаңашыл ұстаз» номинациясын иеленді. Ұстаздарымыз Диплом,бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.

     

 

Ертіс өзенінің жағалауына серуен

08.06.2018

Жаз айлары-мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін кезең. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен балалар қауымының арманына арқау болатын жазғы демалыс лагері есігін айқара ашты. Лагерь алаңы балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталды. «Жасыл ел» бағытын  жүзеге асыру мақсатымен Ертіс өзенінің жағалауына табиғатқа серуенге шықтық. Серуенде түрлі спорттық ойындар ойнатылып, балық аулады. Балаларды табиғат аясына апаруға менктеп әкімшілігі тарапынан  көлік жағынан көмек көрсетті. Балалардың жақсы демалуына жағдай жасалды.

«Күштілер, батылдар» сайысынан көрініс

08.06.2018

Жазғы демалудағы оқушылар ««Күштілер, батылдар,», сайысына қызығушылықпен қатысып, өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

        

 

Мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.

04.06.2018

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Лагердің Мақсаты: балаларды лагердің басталуымен құттықтау, өткізілетін іс-шаралар мен лагерь ережелерін таныстырып жақсы демалуларына жағдай жасалатынын жеткізуАлаңда ән, сурет, ойындар өткізілді. Екі топта («Балауса» «Зерде») 1 күні 14  бала қабылданды. Тәрбиешілер балалармен толық танысып, топтың атын,ұранын, әнін  жаттатты. Мерекелік іс шарада ән айтылып, би де биленді. Асханада мерекелік дастархан ұйымдастырылды.Мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде 1-3 сынып оқушылары  100% қамтылды. Жалпы 27 оқушы. 5 оқушы (ЕТКД)бойынша 3 уақыт тегін тамақтанса, 22 оқушы ата-ана тарапынан ақылы тамақтанады. Мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері  7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Ол «Музыкалық», «Қолөнер», «Спорт», «АӘД», «Кәсіптік», «Жасыл ел», «Ақпараттық технологиялар». Бекітілген жұмыс жоспарына сай күнделікті жұмыс атқарылады.Оқушылар «Қауіпсіз жаз» ережесімен таныстырылып, ауыл медбикесінің тексерісінен өтті.