Monthly Archives: Наурыз 2018

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектебі» ММ бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында бірыңғай сағат өткізген туралы мәлімет

14.03.2018

Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде 14.03.18 күні  сағат 11-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында 15 оқушыға Сыбайлас жемқорлық пен күрес бойынша алғашқы заңнамалық актінің жиырма жылдығы,Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының эволюциясы арқауында тарихи тәжірбиенің заманауи үдерістерін түсінудің маңызы зор екені жайлы, сондықтан бұл айтулы күнге жүгіну, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы мақсатында түсіндірме жұмыс  бірыңғай   сағатта өткізілді.Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған, сыбайлас жемқорлық көріністерін түбегейлі төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі сыбайлас жемқорлық саясатының мүмкіндіктерін күшейту бойынша айтарлықтай дайындама әзірленгендігі жайлы айтылды.

  

«Бәріде Ана бір өзіңнен басталады» атты іс шара

07.03.2018

«Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламысының  Отаным  тағдырым бағыты  бойынша  жоспарланған «Біз біргеміз» атты ұранымен мектеп оқушылары  ауылымыздың ақ жаулықты Аналарын,жергілікті мекемелердің Әйелдер қауымын Төл мерекесімен мәдениет үйінің қызметкерлерімен біріге құттықтау қайырымдылық шарасын өткізді. «Бәріде Ана бір өзіңнен басталады» атты іс шара Мәдениет үйінде 07.03.18 сағ.14.00-де ұйымдастырылды.

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» ММ жанындағы шағын орталықтын «Аналар асыл жандар» ертенгілігі

06.03.2018

«Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламысың  Отаным  тағдырым бағыты  бойынша  жоспарланған «Біз біргеміз» атты  ұранымен шағын  орталықта 2018 жылдың наурыз айының 6 –ы күні сағат 10.00-де  «Аналар асыл жандар» атты ертенгілік  өткізілді .

Бүгін наурыздын сегізі

Сұлулықтың егізі

Әдемі  сөз адамның

Анаға айтар лебізі  деп  бүлдіршіндердің  өнерін барша шақырылған қадірлі қонақтар,ұстаздар,мектеп ұжымы,ата-аналар тамашалады.

«Мұз астында қалай аман қалу» тақырыбында бейнеролигін көрсету жайлы мәлімет

05.03.2018

Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде 05.03.18 күні «Мұз астында қалай аман қалу» тақырыбында бейнеролигі  көрсетіліп оқушылар таныстырылды. Судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіру және судағы оқыс оқиғалардың алдын алу барысында  мектептегі 85 оқушыларға Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен 2018 жылғы 8-10 ақпан аралығында Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінің жұқа қауіпті  мұзда жүрген  мектеп жастағы 5 баланы қауіпті жерден шығарған жайлы,өмірден алынған суда болған оқыс оқиғалар мысалға келтіріп түсіндірме әңгіме жүргізілді.Күн жылынды.Ертіс өзені ери бастады.Сондықтан ауыл адамдары малдарын өзенге апарып суарғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн жайлы ескертіп айтылды.Осы ережелерді жылдың төрт мезгілінде де қауіпсіздік сақтауларын жайлы айтылды.Бейнеролиг көрсетілу барысында балаларға құтқарушы қызметкерлердің  жұмысы жайлы, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде тәсілдері мен адамды құтқару әдістерін көрсетіп қайсарлықты балалардың назарына ұсынылды.

 

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектебі» ММ бойынша «Алау» атты әскери сайыс

01.03.2018

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының VII қысқы Универсиадасын  Дайындау және өткізу іс-шаралары Жоспарын орындау мақсатында Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Досжанов Е.Р. ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар оқушылары мен ұстаздардан құрылған  2 команда арасында «Алау»  атты әскери сайысөтті.Мектеп оқушылары арасында ынтымақтастықты,бірлесе қимыл жасауды,адамгершілікке қарым-қатынасты,ортақ мақсатқа жұмыла білуге,Отан сүйгіштікке баулу аясында.