Monthly Archives: Ақпан 2018

“Қазақтың ұлттық тағамдары” атты сынып сағаты

28.02.2018

Рухани жаңғырудың жарқын жолы аясында Рухани жаңғыру сипаттау және патриттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыру мақсатымен бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Жанна Кабдыкаримовна  2-сынып оқушыларымен  “Қазақтың ұлттық тағамдары” атты сынып сағатын өткізді.

«Ауғанстан – жүректегі Жара»

15.02.2018

Ақжар жалпы орта білім беретін мектепте  Ауған жерінен шығарылғанына  29 жыл толуына байланысты   «Ауғаныстан жүректегі жара» такырыбындағы  әдеби кешті өткізілді.

Кеңес әскери Ауған  жерінде 1979-1989жж. аралағында әскери іс-қимылдар жүргізіп , елде тыныштық  орнатуға тырысты.Сол Ауған  соғысында Ақжар ауылынан да ер азаматтарымыз қару асынып қатысқан.Олар Мусабаев Ерсын Газизович ,Жанаков Елтай Нұртайұлы . Бұл азаматтар сонау теңіздін ар жағында ел намысын қорғап ,қолдарына қару ұстап,ерлік танытқан.Сол азаматтардың бірі Жанаков Елтай Нұртайұлымен  оқушылар және  шағын орталықтын тәрбиеленушілер мен кездесу өтті.Мектеп  кітапханасында  «Ауғанстан-жүректегі Жара» атты әдеби-кеште  шағын орталықтын тәрбиеленушілері  өз үлестерін қосты.Жаттаған өлен жолдарын аталарына  арнап мәнерлеп айтып берді.Сонынан жауынгер аталарымен естелік суретке түсті.

Астана қаласының 20 жылдығы және Павлодар облысының 80 жылдығына орай өткізген «Мәшhүр Жүсіп Көпейұлына 160 жыл» атты әдеби кеш

15.02.2018

Рухани жаңғыру аясында Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп бойынша Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы және Павлодар облысының 80 жылдығына орай өткізген «Мәшhүр Жүсіп Көпейұлына 160 жыл» атты әдеби кеш өткізілді.

Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық өзін– өзі тану онкүндік іс шаралар

01.02.2018

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» ММ «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық  өзін – өзі тану онкүндігі өткізілуде.

Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру, жалпы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында өткізілгелі отырған онкүндіктің ең алдымен нұсқаулықтар негізінде жоспары әзірленді. Сол жоспарға сәйкес 01.02 күні  жалпы мектептік лездемеде онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Барысында  махаббат пен шығармашылық  үндестігі туралы ой қозғалды. Оқушылар мейірімділік пен махаббат тақырыптарында өлең жолдарын жолдады. Өзін-өзі тану пәнінің жетекшісі Яхияқызы Ұ.  онкүндіктің жоспарымен таныстырып, барлықтарын белсене қатысуға шақырды.