Monthly Archives: Қазан 2017

«Аяулы күз , Алтын күз»

21.10.2017

Күз айлары ішіндегі асыға күтетін мерекелердің бірі Алтын күз мерекесі. Осы айтулы мереке 21 қазан күні Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында атталып өтілді.

Кеш барысы бойынша мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың мерекелік киімдері, ән- билері, кеш көркін қыздыра  түсті.

«Педагогикалық бастамалар» жобаларының аудандық қорғауы

11.10.2017

Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес  11 қазан күні Көктөбе ЖОББМ-де «Педагогикалық бастамалар» жобаларының аудандық қорғауы өтті. Конкурс мақсаты: білімдік қызметтердің тасымалдаушыларын кең тарту арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибені шоғырландыру. Ақжар мектебінен тәрбиеші Жұлдыз Жунусова қатысты.

“Үздік психолог” облыстық конкурсы

11.10.2017

2017 жылғы 10 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Қатысушылар кәсіби шеберлік пен инновациялық технологияларды меңгерудің практикалық деңгейін көрсетті. Ақжар мектебінен жас маман педагог-психолог Яхаяа Назгүл қатысып жүлделі II орынға иеленіп, 1-3 қараша күндері Алматы қаласында өтетін республикалық конкурста Павлодар облысын қорғайтын болады.