Monthly Archives: Қыркүйек 2017

«Ұлағатты ұстаз» ұстаздар мерекесі

30.09.2017

Ұлағатты Ұстаздар күніне орай өңіріміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар өтуде. Дәл осындай мерекелік іс – шара мектеп қабырғасында өтті. Мерекелік шараны мектеп директоры О.Д.Аубакирова  ашып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар, мектеп директоры  бірқатар жоғарыдан көрініп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген білім ошақтарының ұстаздарын алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар мектеп қызметкерлерін де құттықтады. Өнерлі оқушылар ән-күймен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұстаздар күні-құттықтау

25.09.2017

Құрметті ұстаз қауымы!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Видеоқұттықтаулау келесі сілтемеде:

Ұстаздар күніне оқушылардан видеоқұттықтау

Видеоқұттықтау

«Шынықсан шымыр боласын!!!»

09.09.2017

«Шынықсан шымыр боласың!!!»

Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қыркүйек күні «Денсаулық күні» аясында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның өтуіне мектеп ұжымы түгелдей ат салысты. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, мектеп әкімшілігі «Денсаулық күніне» қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар би билеп, спорттық жарыстармен ұласты. Мектеп оқушылары Ертіс жағасына табиғатқа серуенге шықты. Оқушылар арқан тартысу, жүгіру, волейбол мен шағын футболдан жарысқа түсіп, командалардың бірлігін таныта отырып, тек қана алға ұмтылуға қадам жасады. Оқушылар қандай жарыс болсын өздерінің ептіліктерін, күштіліктерін, жылдамдылықтарымен бірге бірлік татулықтарын таныта білді. Жалпы «Денсаулық күні » қызықты өтті.

        

 

   

Мен өз елімнің патриотымын!

02.09.2017

Мен өз елімнің патриотымын!

“Мен өз елімнің патриотымын”. Білім күніне арналған алғашқы сабақ

Оқушыларды Ұлы дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында “Мен өз елімнің патриотымын” тақырыбында  Білім күніне арналған алғашқы сабақ өтті. Алғашқы сабақтар өткізілді. Балалар белсенділік танытып, алғашқы сабақтарынан көп мәлімет алды.

        

“Сәлем саған, алтын ұя мектебім!”

02.09.2017

Сәлем саған, алтын ұя мектебім!

2 қыркүйекте еліміздегі барлық мектепте- мен білім ордалары да білім алушыларға есіктерін айқара ашты. 2 қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.Осыған орай аталмыш мектеп түлектерін маңызды күнмен құттықтауға ауыл әкімі С.М.Құсайынов, шәкірттерге жылы лебізін білдіре отырып, елімізде кемел болашақ үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын тілге тиек етіп, еліміздің тірегі болар болашақ жастарды барынша еңбектенуге шақырды. Биыл мектебімізде 10 оқушы мектеп табалдырығын аттап отыр. Құшаққа гүл, қуанышқа мектеп толған күздің алғашқы күні әр оқушыға ерекше әсер қалдырып, даталы күн мәңгі есте сақталып, жаңа оқу жылы да басталып кетті.