Monthly Archives: Сәуір 2017

Гуманитарлық бірлестік апталығы

21.04.2017

Гуманитарлық бірлестік апталығы қарсанында Мынжасарова Айна Самиевнаның 1 сыныпта ағылшын тілі пəнінен ашық сабағынан көрініс.

 

 

Гуманитарлық бірлестік апталығы

21.04.2017

Гуманитарлық бірлестік апталығы қарсанында Сатыболд Болатханның 5 сыныпта қазақ тілі пəнінен ашық сабағынан көрініс.

  

 

“Абай-дана, Абай-дара қазақта!” атты əдеби кеш

18.04.2017

Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты əдеби-кеш ұйымдастырылды.

Қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.

5-11 сынып оқушылары Абай өмірінен көрініс, əндері, өлеңдері, поэмалары орындалды. 0-4 сынып оқушылырының  арасында Абайға байланысты сұрақ-жауаптар сайысы өтті. Белсене қатысқан оқушылар жабылу салтанатында марапатталды.

 

“Тіл-достықтың алтын көпірі” атты тілдер апталығы

17.04.2017

Мектепте гуманитарлық бірлестіктің “Тіл-достықтың алтын көпірі” атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.

 

“XVII Сәтпаев оқулары” атты халықаралық ғылыми конференциясы

15.04.2017

С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің жыл сайын игі дәстүрмен жаңылмай, “XVII Сәтпаев оқулары” атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының басын қосып келеді.

“Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп” ММ 8-сынып оқушысы физика пәнінен Аскербек Асыл, 9-сынып оқушысы Досымжанова Диана іріктеу кезеңінен өтті. Оқушылардың “XVII Сәтпаев оқулары” атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдары 5 томда жарияланды.

 

 

 

 

Ақжар ЖОББМ-де сенбілік өтті…

15.04.2017

14 сәуір күні “Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп” ММ-де мектепшілік сенбілік өткізілді. Сенбілікке барлық 1-11 сынып оқушылары мен мектеп  қызметкерлері,  мұғалімдер қатысты. сенбілік өз дәрежесінде өтті.