
Өз балаңа үлгі бол
Қазақстанның отбасы күні қарсаңында мектебімізде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбы аясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» ретінде, Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.
Аталмыш конференцияның шымылдығын мектеп директоры О.Д.Аубакирова ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының құттықтау сөзімен ашты.
Ата-аналарға психологиялық көмек ретінде әр тақырып шеңберінде видеоролик пен слайдтардан кеңінен материалдар көрсетілді.Әр бейне баяннан кейін ата-аналарымыз өз пікірлерін ортаға салып, талқылады. Конференция соңына қарай Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Иниституның Бас директоры София Львова Евдокимованың тілек сөзі тыңдалды.
Қорытынды бойынша әр ата-ана пікір жазып, алдағы уақытта осындай алғы шаралар өткізіліп тұруын ұсынды.
Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп психологі Ж.К.Алибекова