Ұстаздар күніне орай 11-сынып оқушылары “Шеберлік сағатын” өткізді.

Ұстаздар күніне орай мектепте “Өзін-өзі басқару” күні өтті. Осы жылғы мектебіміздің түлектері 11-сынып оқушылары өздеріне сабақ беретін ұстаздар қауымына арнап, Кондитерлік “Шеберлік сағатын” өткізді. Шеберлік сағаты басталмас бұрын дайындалған тапсырмаларды орындау арқылы, сабаққа кірді. Оқушылар “Жылулық шеңбер” арқылы тілек айтқызып, жылулық орнатты. Ұстаздарымызға дайындаған торт бөліктері мен капкейктерді безендіру оларды қорғау тапсырмалары берілді. Сергіту сәті, қызықты сұрақтар болып, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады. Түлектерімізге мың алғыс!

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.