«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел».

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Мереке қарсаңында мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары ауылымыздың ақ жаулықты Бәтес әжемізді мерекесімен құттықтап, батасын алды. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.