Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын. Ел азаттығының, дербестігінің бірден бір белгісі болатындай бүгінгі мереке ұлт ұстазының туған күніне орайластырылып өзгертілген болатын. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Тіліміз тұғырлы, еліміз тәуелсіз болып, Қазақстан мәңгі жасасын. Мереке құтты болсын!

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.