ІІ облыстық гуманитарлық пән олимпиадасының жүлдегері.

Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған облыстық гуманитарлық олимпиадасын әзірледі. Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін жүйелендіруге, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруға бағытталған. ІІ облыстық гуманитарлық пән олимпиадасына мектебіміздің 8- сынып оқушысы Әскербек Әділет қатысып, жүлделі 2- орынға ие болды. Дайындаған пән мұғалімдері: Қазақстан тарихынан- Серикбаева Балжан Муратовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен- Армангүл Мүтанқызы.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.