Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбы шеңберінде семинар өткізілді.Семинар барысында: -Мониторинг жүргізудің әдіс-тәсілдерін түсіндіру;
-Бақылау парағының толтырылуы;
-Түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін жетілдіру ;
-баланың үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау;
Осы мақсаттарды негізге ала отырып шағын орталық пен мектепалды даярлық тобының арасындағы сабақтастық жұмысы талқыланды. Сонымен қатар, қатысушы мектеп әкімшілігі мен бастауыш сынып мұғалімдері нақты жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, шешу жолдары қарастырылды.
Семинарды шағын орталық әдіскері Айнур Темировна, мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Жулдыз Жомартовна ұйымдастырды.