“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбында 2 аймақтық ғылыми- практикалық конференция өтті.

Lesson study мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылатын жапондық тәсіл. Бұл тәсіл Май ауданында 2018 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта аудандағы барлық мектеп сабақты зерттеумен айналысуда. Осы жумыстың нәтижесін шығарып, мәселелерді ортаға салу, мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен “Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбында 2 аймақтық ғылыми- практикалық конференция өтті. Бұл конференцияда мектебіміздің ұстаздары Б.М.Серикбаева мен А.А.Тюлекбаева секция жұмысына қатысып, баяндамаларын қорғап, мектеп тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Угубаева постер сессияға қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.