РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАН

Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялау аясында 2021 жылғы 9-20 қараша аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды.
Науқанның мақсаты – балаларды қорлау пен зорлық-зомбылық мәселесі, оның балаға және қоғамға тигізетін зардаптары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнама негіздері туралы қоғамның, оның ішінде ересектер мен балалардың хабардарлығын арттыру.
Акция аясында балалар, ата-аналар, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын семинарлар, кездесулер, мектептерде аудиториялық сағаттар, рейдтік іс-шаралар және т.б. өткізіледі.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.