Президенттік тест сынағы денені шыңдайды
17-қыркүйек күні мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері президенттік тест сынағын тапсырды. Сынақ денешынықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулар бойынша өткізілді.Әрине, мектеп ұжымы бұл шараға бір кісідей қатысып, жоғары көңіл-күймен, көрсетілген нормативтерді орындауға бар күш-жігерлерін салды. Сөйтіп, Президенттік тест сынағы адамның негізгі қабілеттерін (күштілік, төзімділік, жылдамдық және ептілік) танытатын спорттық сынақтардың үш түрі ішінен – әртүрлі қашықтыққа жүгіру, орнында тұрып ұзындыққа секіру бойынша нормативтер қабылданды. Өткізілген шараның қорытындысы бойынша барша мектеп ұжымы президенттік тестің деңгейінің нормативтерін орындады.
«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ