Мұражай

Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беретін мектепте «Шежіре» атты тарихи- өлкетану мұражайы жұмыс жасайды.

 

Мұражай 2016 жылы 21 желтоқсанда салтанаты түрде мектептің 25 жылдығына орай ашылды. Жалпы мұнда 4 бағыт қарастырылған. Олар: Ауыл тарихы, мектеп тарихы, Ұлы Отан соғысы, Семей- Невада полигоны.

 

 

Мектеп мұражайы жұмысында оқу ордасыны, оқу тәрбие жұмысына көп үлес қосады. Мәселен, мұражайдың тарихы жәдігерлерін сынып сағатында, өлкетану және қазақстан тарихы тақырыптық сағаттарында, ғылыми жоба жазу барысында кеңінен қолданамыз. Мұражай қорының сақталуына және үнемі толықырып отыруына, орасан зор мән беріледі. Бастауыш сынып оқушыларына экскурсия жұмыстары ұйымдастырылады.Мұражай кеңесі арнайы жоспар белгілеп, сол жоспар бойынша үздіксіз еңбек етеміз.

Мектеп мұрағатының бөліміне тоқталып өтетін болсам: Ауыл тарихы бөлімінде, Ақжар ауылының тарихы, ауылдан шықан алғашқы елші, министр, әртістер, тұңғыш полк командирлерісынды ұлы тұлғалардың жеткен жетістіктері қарастырылған. Бұл бөлімде ауыл тумасы Шахман Мусиның өлең жолдарын кездестіруге болады. Ақжар ауылының басшылары, Ақжар әкімдері, еңбек ардагерлері, алғашқы шафер, алғашқы медбибі, алғашқы кітапханашы жайыда ақпарат бар. Бұл дара тұлғалардың еңбегі мен еңбек жолы болашақ ұрпаққа өңегелі із.

Екінші бөлім мектеп тарихы. «Тарихы кітап болып шыққан білім ордасы» бөлімшеде мектеп шежіресінің сындарлы жылдары, өткен сәт естеліктері мен зейнеткерлер қарастырылған. Мектеп директоры бөлімшесіде орының тапқан.

Келесі бөлімшеде 1991 жылдан бастап мектеп табалдырығын аттап түлеп ұшқан түлектер ретімен орналасқан. Ал, бөлімде мектептің 25 жылдығына орай  «Мерейлі мезеттер 25 сәт» деп аталып бұл жерде алғашқы алтынбелгі иегерлері,алғашқы ғылыми жоба, алғашқы облыстық олимпиада жүлдегерлерімен қуанышты сәттер бейнеленген.

Үшінші бөлім ҰОС-на арналған. «Отан үшін отқа түс күймейсін» деп аталады. Бұл бөлімшеде хабарсыз кеткен боздақтардың есімдері тайға таңба басқандай көрініп тұр. ҰОС ардагерлері ерекше шең иелері, интерноцианалды соғыстың ардагерлері жайлы сөз етілді. Майдан мен тыл майдангерлердің алғыс хаты, паспорт, еңбек кітапшалары, ордендері мұражайдың өте құнды жәдігерлері болып табылады. ҰОС ардагері Ақжар ауылынан шыққан тұңғыш полк камандирі,  «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, ІІ дәрежелі отан соғысы, «Б.Хмелинский», «А.Невский», «А.Суворов» ордендерімен және алты жануынгерлік медальдарымен марапатталған.  Жанаков Отарғали атамызға ерекше істері үшін бұрыш арналған. Бұл арнайы бұрыш ғылыми жоба жазу барысында құнды дерек көздері ретінде есептеледі. Қысқа метражды деректі фильм түсіруге негіз болған.

Төртінші бөлім: «Ғасыр дертен құтылған тәуелсіздік Қазақстан» деп аталуы тегін емес. Семей полигоның жабулына 25 жылмен мектептің 25 жылдығы тұспа тұс тура келді. Сонымен қоса, Май ауданы Ақжар ауылы ядролық жарылғы ошағына өте жақын орналасқан. Полигон жабдығы, родиоциасын қарапайым халық сезінуде. Сол себепті аталмыш тақырып өз орының тауып ғылми жоба жазуда негіз болды. Курчатов қаласында орналасқан ядролық орталық мұрағатымен тығыз қарым-қатынас жасалып, экскурсияда ұйымдастырылып тұрады.

Ақжар жалпы орта білім беретің мектепте 3 «Алтын белгі», 2 «Үздік атестат», 2 « ПГПИ Ректоры» грантының иегерін қанат қақатырған талай білім белестердің шыңдарын бағындырған өңегелі білім ордасы. Мектебіміз өте жас болсада атқарған қызметі ауқымы үшін 4 жыл қатарынан «Өрлеу» , «Серпін», тәрбие қызметі бойынша «Ең үздік мектеп» номинациясының иегері. Мектеп мұражайына аталмыш 2 жыл ішінде ауыл халқының табыс еткен жәдігерлері баршылық. Әліде көптеген құнды артифакт пен құнды жәдігерлерге толықтырылады деген сенімдеміз.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қарастырылғандай,  Мұражай – туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді. Халыққа мұражай мұрағаттар мен жәдігерлерді жинақталуымен танылады. Мұрағаттарды қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулиды. Таным дүниесіне осылайша қарасақ, мұражай- өткен мен болашақтың жалғастырушысы. Мектеп мұражайының өзіндік ерекшелігі оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, рухани байлық, еңбек, патриоттық,туған елін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, әдет ғұрпы мен салт дәстүрін құрмет тұтатын эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасайды…