
«Көңілді – жаз», Май ауданы, Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері мектепшілік жазғы демалыс лагерінен бастау алады.
Біздің лагерьде балалардың жалығуы немесе зерігуі мүмкін емес. Өйткені таң атқаннан кеш батқанша алуан түрлі сауықтыру ойындары, спорттық ойындар, зерттеу және іздестіру жұмыстары өтеді. Демалушылардың жайдары жүздерін көріп біз де риза боламыз.
Лагерь 7 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Жоспарға сәйке «Жазғы туризм және өлкетану» бағытын насихаттау мақсатында, балдырғандарымызды ерекше қуантып, таңқалдырған күн Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» саяхат күні. Балдырғандар «Түрлі-түсті, әуенді субұрқақ» аясында ерекше көңіл күймен демалып, Курчатов қаласына үлкен саяхат жасап қайтты.
Әр ауысымның басталуын ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» барумен ашу дәстүрге айналды.
Балдырғандар демалыс сәттерін сапалы, мәнді өткізуде. Бұл – ауданымыздың бір ғана «Балдәурен» лагерінің тынысы. Балдырғандардың өзге де лагерьлерде жазғы демалысты дәл осылай қызықты өткізіп жатқанына еш күмән қалмады. Жазғы демалыс –бала жанын жадырататын шақ қой, шіркін!
Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьінің тәрбиешісі
Меруерт Толеубековна Макажанова