
«Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: балаларға салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру, спорт туралы білімдерін кеңейтіп, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Оқушылар «Барыс», «Бүркіт» атты екі командаға бөлініп, Эстафеталық жарыс (доппен кедергілер арасынан жүріп өту), Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген есепті шығару), Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі), Секіртпемен жүгіру (Секіртпемен кедергілер арасымен секіру) Допты шығыршықтан өткізу атты бес бөлімнен тұратын жарысқа жауаптылықпен белсене қатысты. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.