Кәсіби іскерліктің-оң нәтижесі

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет.  Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.

Осы салада қызмет етіп, бүгінде еңбегінің нәтижесін көріп отырған ұстаздар қауымы баршылық. Сондай ұстаздарымыздың бірі- тарих пәнінің мұғалімі Балжан Муратовна Серикбаева. Бүгінде Май ауданымызға қарасты, Ақжар орта мектебінде қызмет атқарады. Еңбек жолына қысқаша шолу жасасақ, 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық интитутын тәмәмдап, аталмыш мектепке «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қызметке тұрды. 12 жылдық еңбек жолында Республикалық, облыстық білім додаларында көптеген шәкірттері оза шауып, жеңімпаз болып отыр. 2013 жылы «Ғылыми жобалар» конкурсында шәкірті Мүтан Ардақ «Ректор грантының» иегері атанды. Қазіргі танда өзінің ізбасар шәкірттерінде қанаттандырып, тәлімгер болып отыр. Жылда дәстүрлі түрде ғылыми жобалар, гуманитарлық олимпиада, пән олимпиадаларының жеңімпаздарын қанаттандыруда. Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгінде мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық тұрғыда шыңдауда.

«Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық қасиеттерін ұштастырып отыр. Осы бір табандылықтың арқасында- Май ауданының даңқын биік тұғырдан шығарып- «Жыл мұғалімі 2021» конкурсында жүлделі ІІІ орын жеңімпазы атанды. Бұл біздің-ортақ жеңісіміз!

Балжан Муратовна Серикбаева- сіз, қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың биік шыңын тілейміз.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.