” Короновирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары” тақырыбында шағын орталықта ата- аналар жиналысы өтті.

20 қараша күні ZOOM платформасы арқылы ” Короновирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары” тақырыбында “Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп” жанындағы шағын орталықта ата- аналар жиналысы өтті.Жиналысқа ауылдық медициналық пунктінің медбибісі Гаухар Қайырбекқызы Букашева қатысты.Жиналыс барысында қауіпсіздік шаралары тұралы бейнетаспа көрсетілді. Ата- аналарға індетті алдын алу үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану жайында және шағын орталыққа балаларын әкелген кезде бетперде міндетті түрде киіп келу туралы айтылды.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.