ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Мүтан Ардақ Мүтанқызының жетекшілігімен 3 жыл қатарынан Ақжар ауылының тумасы Шахан Мусин Әлімжанұлының өмірі мен шығармашылығы жолынан ғылыми жобалар сайысында зерттеліп өзіндік жаңалықтар жаңғыртылуда.Соның бірден- бір дәлелі осы оқу жылында 9-сынып оқушысы Еркен Аяжан жетекшісімен бірлесіп, Шахан Әлімжанұлының Санкт-Петербургтегі қызы Мусин Мақпал Шаханқызымен зум арқылы байланысқа шығып, өз зерттеу жұмыстарына бірқатар өзекті мағлұматтар алды. Өз көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып, жылы жүздесу орын алды.Алдағы уақытта Аяжанға сәттілік тілеп, іздену жолында жалықпай, жаңалық ашуға тың идеялар туындай берсін дегіміз келеді.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.