Жазғы лагердағы қызықты сәттер айдарынан….

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп атын республикалық, облыстық деңгейде танытқан «Жыл оқушысы 2021» иегері болған оқушыларға жолдама табысталған болатын. Жолдаманы аудандық маслихат депутаты Маманов Өмірсерік Өмірзақұлы Баянауыл жеріндегі “Балдаурен” сауықтыру лагеріне берген. Жазғы демалыс кезінде оқушыларымыз Баянауылдың тауларына экскурсия жасады, киелі өлке Баянауыл мен Жасыбайдың көрікті жерлерін өз көздерімен көріп, табиғатына тәнті болды. «Жас дәурен» лагерінде жаңа достар тауып, уақыттарын көңілді, әрі пайдалы өткізді. Өздеріне осындай мүмкіндікті сыйлаған демеушімізге зор алғыстарын білдіреді.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.