Дүниежүзілік балалар күні

Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды.

🌀 Елімізде 6 млн. 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар.

🌀Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін және кепілдіктерін айқындайтын 45-тен астам нормативтік құқықтық акті қабылданды.

🌀Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады делінген.

🌀 “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы” заңына сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына және тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық баланың құқықтары тең.

🌀Республикада 10 712 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 6 109-ы мемлекеттік, 4 603 ұйым жекеменшік. Онда 864 900 бала немесе 1-6 жастағы балалардың жалпы санының 75,4% қамтылған.

@edu_news_qz

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.