«Бұрымды қыз» байқауы

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында мектебімізде «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-9 сыныптар арасынан топ жарып 5 ару сыңға түсті. Байқау 6 кезеңнен тұрды:
1. Сәлемдесу
2. Шаш өру үлгісі
3. Зерделінің ойы озық
4. Қыз еркем – өнерімен көркем
5. Өз өнері
6. Сән үлгісі
Байқаудың барлық қатысушы қыздары сайыстың әр кезеңінде креатив көрсете білді. Әділқазы алқалары қыздардың дайындығын жоғары деңгейде бағалап, әділ бағаларын берді. Аруларымызды төмендегідей номинациялармен марапаттады:
1. Шаш өрудің шебері 7- сынып оқушысы Құмархан Жаннұра – «Шебер ару» номинациясымен марапатталды;
2. Зерделі ойымен озық болған 9- сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр – «Білімді қыз» номинациясымен марапатталды;
3. Сәндік үлгісімен ерекшеленген 6-сынып оқушысы Нұрмағанбет Нұрайым – «Сымбатты ару» номинациясымен марапатталды;
4. Тіл көркемдігімен ерекшеленген 5-сынып оқушысы Еркен Сымбат – «Инабатты ару» номинациясымен марапатталды;
5.Өзіндік өнерімен тәнту еткен 8-сынып оқушысы Бекберова Гүлім – «Өнерлі ару» номинациясымен марапатталды.
Байқаудың соңында барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.