1-қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя – мектебім» атты
салтанатты жиынның бағдарламасы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар! Ардақты ата-аналар және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Жүргізуші: Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2016-2017 жаңа оқу жылының салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді және сынып жетекшісі Алибекова Жанна Кабдыкаримовнаны ортаға шақырамыз.
1) Мұсайлла Ақбота
2) Советов Ермурат
3)Сейілғазы Айттмұрат
4) Жолдасбекова Аймара
5)Жоламан Ернұр
6) Құмархан Жаннұра
7) Жайлауханқызы Айгерім
8) Тұрсын Мақпал
9) Еркен Аружан
10) Хойтан Ислам
11) Амангелдіқызы Іңкәр
12) Сынып жетекшілері Жанна Кабдыкаримовна Алибекова
Жүргізуші : Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы!
Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(әнұран орындалады.)
Жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы
Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтармен таныстырып өтейік.
1.Ауыл әкімі Серік Мұсайллаұлы Құсайынов
2.Аудандық білім бөлімінен келген өкіл Медеу Мағауұлы Маженов
3.Аудандық мал дәрігерінің басшысы
Жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені.
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені -сөз кезегі мектеп
директоры Аубакирова Олимпиада Досымжановнаға беріледі.
Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз ауылымыздың әкімі Серік Мұсайллаұлы Құсайыновқа беріледі.
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық білім
бөлімінен келген өкіл Медеу Мағауұлы Маженовқа беріледі.
Келесі сөз кезегі аудандық мал дәрігерінің басшысы Ерғанат Әлмырзаұлы Ахметовқа беріледі.
Жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының бұйрығымен таныстыруға оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Төлеубековна Макажанова шақырылады.
Жүргізуші: Шыңдардан аса берсін түлектері
Әрқашан орындалсын тілектерің
Махаббатқа бөленген ақ ниетті
“Шәкірт” деп лүпілдесін жүректерің.
Талай ақын-жырау, ғалымдарды дүниеге әкелген қасиетті мекен – ауылдың білім саласына үлесімді қосам деген жігерлі ұстаздарымыз ауылымызға келіп отыр. Ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде ұлан-ғайыр жетістіктерге жете отыра, білім белестерін бағындырыңыздар дегіміз келеді.
1.Кадырханова Данара Ерланқызы Бастауыш сынып мұғалімі
- Қуаныш Айгүл Бастауыш сынып мұғалімі
3.Каптаева Ажар Муратовна Шағын орталық тәрбиешісі
4.Мусабаев Даурен Ерсынович Информатика пәні мұғалімі
Ұстаздар атынан құттықтау сөзді Асия Мухамедкалиева Мусинаға береміз.
Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
Көп жылын осында өткізген.
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріпті үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстазымен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Оқитын әрі жазатын.
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым
Білімнің кілтін ашатын,- деп сөз кезегін балапандарын
ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1-сынып
ата-аналарының атынан Рашила апамызға сөз беріледі.
Жүргізуші: Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі
1-сынып атынан Мұсайлла Ақбота
11-сынып атынан Алибеков Қуаныш пен Рахым Сериктайға беріледі.
Жүргізуші: Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып-тасайық
Тілеуін берсін көк тудың
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің – деп балғын балалық шақпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен ұстаздарына қошеметпен қол соғып, мектепке алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
Жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге. –деп 1-қыркүйек Білім күніне
арналған « Мен Қазақстанның патриотымын » атты салтанатты жиын өз
мәресіне жетті. Білім күні құтты болсын. Жаңа оқу жылында барша ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен бақыт тілейміз. Білім мен шарапат сепкен еңбектеріңіз жемісті болсын! Біз сіздердің еңбектеріңізге толағай табыс пен жеңіс тілейміз.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, салтанатты жиынымыз 2016-2017 оқу
жылының алғашқы сабағымен жалғасын табады.Әр сынып жетекшілері мен
оқушылары өз сыныптарына реті бойынша жіберілсін.
Жүргізуші: Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп
жариялаймыз!
Бекітілді
Мектеп директоры
_______________
О.Д.Аубакирова
1-қыркүйек Білім күніне орай 1-11-сыныптар арасында өткізілетін тақырыптық тәрбие ашық сабағына қатысқан мұғалімдер тізімі
№ | Сынып | Сынып жетекшісі | Тәрбие сағатының тақырыбы | Қатысатын мұғалім |
1 | 1 | Алибекова Ж.К | «Менің Отаным – Қазақстан» | Турсынбаева Г.К |
2 | 2 | Сейлханова С.К | «Менің Отаным – Қазақстан» | Каиыржанова М.М. |
3 | 3 | Кадырханова Д.Е. | «Менің Отаным – Қазақстан» | Макажанова М.Т. |
4 | 4 | Қуаныш Айгүл | «Мен Қазақстанның патриотымын» | Серикбаев А.Т. |
5 | 5 | Сабитова М.М. | «Мен елімді сүйемін» | Мусабаев Д.Е. |
6 | 6 | Мынжасарова А.С. | «Тәуелсіздік ұланымын» | Жанакова Т.Б. |
7 | 7 | Болатхан С. | «Мен елімнің патриотымын» | Серикбаева Б.М. |
8 | 8 | Агван Д. | «Мен Қазақстанның патриотымын» | Жайлаубаева Г.Р. |
9 | 9 | Каиырбаева Г.Б | «Мен Қазақстанның патриотымын» | Досжанов Е.Р. |
10 | 10 | Найма Д.А. | «Туған елім-Қазақстан» | Мутанқызы А. |
11 | 11 | Бексеитова Г.К. | «Мен Қазақстанның патриотымын» | Мусабаев Е.Г. |