«Аяулы күз, Алтын күз» атты кеші өтті.

Қыркүйек айының 21-жұлдызында Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде «Аяулы күз, Алтын күз» атты кеші өтті. Кеш барысында 5-6 сынып оқушыларынан құрылған «Qarbyz.kz» командасымен 7-сынып оқушыларынан құралған «Тәтті бұрыштар» командалары сынға түсті .
Қос команда келесі кезеңдер бойынша сынасты:
1- кезең: Үй жұмысы. Амандасу.
2- кезең: Топтың аты бойынша реклама жасау.
3- кезең: Берілген жеміс- жидектер бойынша зияны мен пайдасын көрсету.
4- кезең: Мүсін жасау.
«Qarbyz.kz» командасы үй жұмысына әзілдерден көрініс қойса, «Тәтті бұрыштар» командасы топтық би билеп өнер көрсетті. Келесі кезеңдерде командалар жұмылып, топ болып жұмыс жасады. Жоғары сынып оқушылары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Конкурс нәтижесінде «Qarbyz.kz» командасы «Белсенді сынып» , «Тәтті бұрыштар» командасы «Өнерлі сынып» номинацияларымен марапатталды.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.