“Аяулы күз,Алтын күз”атты мерекелік іс-шара өткізілді.

21.09.2019 күні бастауыш сыныптар арасында “Аяулы күз,Алтын күз”атты мерекелік іс-шара өткізілді. Барлық сыныптар күзгі тақырыпқа сай костюм киіп,өз топтарын қорғады.Күз мезгіліне байланысты мүсін жасап,киім үлгісін көрсетті.Әр сыныпқа үйге тапсырма ата-аналармен бірлесіп қабырға газетін салу болды. Оқушылар мерекелік іс-шараға белсене ,қызығушылық танытып қатысты.Әділ-қазы алқалары әділ бағаларын беріп,әр сыныпты номинациялар бойынша марапаттады.Мектепалды даярлық сыныбын “Ең үздік қабырға газеті “, “Ең үздік киім үлгісі “,1-сынып “Ең үздік таныстыру “,2-3-сынып “Ең үздік би”,4-сынып “Ең үздік мүсін “,”Ең үздік ән” номинациялары бойынша марапатталды!!!

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.