Абайдың шығармашылық мұрасы әлемнің 10 тілінде аударылды

📌Абай Құнанбайұлының мерейтойы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Олар: ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдері. Аударма жинақтарға ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірді.
📌 Абай шығармалары өзге тілдерге бұған дейін де аударылды. Алайда бұл бастама мемлекеттің осындай ірі ауқымда іске асырған алғашқы аударма жұмысы. Жоба аясында аударма сапасын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Аударма жұмысы мен жинақ басылымын ұйымдастыруға әр тілде сөйлейтін аса тәжірибелі мамандар, тиісті елдің мәдениеті мен әдебиетін таныстыратын, көркем аудармаға маманданған ең беделді баспа ұйымдары таңдалып, тартылды.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.